м
Еңбек • 26 Қаңтар, 2026
Кореяда заңды жұмыс істеу мүмкіндігі: Қазақстан «EP S» жүйесіне қашан қосылады?
Қонаев қаласында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Корея Республикасының еңбек миграциясы жөніндегі делегация өкілдерімен кездесті. Кездесудің негізгі мақсаты – ел азаматтарын Корея Республикасына жұмысқа орналастыруға мүмкіндік беретін рұқсат жүйесі аясындағы ынтымақтастықты дамыту. Жиынға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 26 Қаңтар, 2026
Фармацевтика саласындағы былық: Жалған құжатпен медициналық жабдықтар жеткізген компания анықталды
Қазақстанда медициналық құрал-жабдықтардың жалған өндірісімен айналысқан компания анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 26 Қаңтар, 2026
Конституциялық реформа: Ата заңның қай баптары қайта қаралады?
Конституциялық комиссияның екінші отырысында Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева бірінші отырыс қорытындысы бойынша дайындалған салыстырмалы кестені таныстырып, Преамбула мен 1-39 баптарды жүйелі түрде қарауды ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 26 Қаңтар, 2026
Конституциялық реформа: «Құрылтай» мен «Халық кеңесінің» өкілеттігі талқыланды
Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров Конституциялық комиссияның екінші отырысында сөз сөйлеп, «Құрылтай» мен «Халық кеңесі» бөлімдеріне енгізілуі ұсынылған нормалардың мәні мен мазмұнына тоқталды. Оның айтуынша, бұл өзгерістер бір палаталы Парламентке көшу үдерісінде Ата заңның бірқатар баптарын қайта қарауды көздейді және елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 26 Қаңтар, 2026
Вице-президент: Әлемдік тәжірибе нені дәлелдеді?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында Вице-президент лауазымын енгізу жөнінде ұсыныс айтты. Бұл бастама қоғам назарын бірден аударды. Саясат тарихына үңілсек, аталған қызмет иелерінің мемлекет басқару ісінде шешуші рөл атқарған кезеңдері аз емес. Сондықтан билік жүйесінің жүгін жеңілдетіп, сабақтастық пен тиімділікті қамтамасыз ететін тетік ретінде қарастырылатын бұл институт арбаның бесінші дөңгелегі емесі анық.
Саясат • 26 Қаңтар, 2026
Әділет министрі Конституцияға қандай өзгерістер енгізілетінін айтты
Конституциялық комиссияның екінші отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев негізгі заңға бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынды. Аталған өзгерістер азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленді, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 26 Қаңтар, 2026
2030 жылға қарай суперкомпьютерлер кез келген құпиясөзді бұза алады
Суперкомпьютерлер мен кванттық технологиялардың қарқынды дамуы банк деректерінен бастап, мемлекеттік құпия ақпараттарға дейін үлкен қатер төндіруі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 26 Қаңтар, 2026
Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысы өтіп жатыр
Астанада Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтіп жатыр. Іс-шара конституциялық реформаға байланысты келіп түскен ұсыныстарды талқылауға арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2026
Полиция Threads желісіндегі таныстықтан сақ болуға шақырды
Әлеуметтік желілерде, әсіресе Threads платформасында, «жар іздеймін», «күйеу іздеймін», «байыпты қарым-қатынас іздеп жүрмін» деген танысуға шақыратын жазбалар жиілеп кетті. Мұндай посттардың артында нақты адамдар да, алаяқтар да болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2026
Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Қаңтар, 2026
Дәрігерлер де дәрменсіз: Үндістанда емі жоқ вирус тарады
Үндістанның Калькутта қаласы маңында вакцинасы да, емі де жоқ Нипах вирусы өршіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2026
Жанжал түбі – жарнама: Жағымсыз жаңалықтар қалай сатылымды арттырады?
Саясат, жанжал немесе күтпеген оқиға кейде брендтерге қымбат жарнамадан да күшті әсер етеді. Қазіргі медиакеңістікте бір сурет, бір мем (әзіл сурет) немесе бір даулы жаңалық санаулы сағат ішінде тауарды сәнге айналдырып, сатылымды күрт өсіре алады. Алайда мұндай «тегін танымалдық» бизнестің алдында этикалық әрі стратегиялық күрделі таңдау қояды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 25 Қаңтар, 2026
Қазақстанның 36 спортшысы Олимпиадада ел намысын қорғайды
Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында ақпан айының 6-22 күндері XXV қысқы Олимпия ойындары өтеді. Төрт жылдықтың басты додасына 93 елден барлығы 3 500-ден астам спортшы қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2026
Қазақстанда 504 ауыл спутниктік интернетке қосылды
«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы шеңберінде спутниктік технологияларды пайдалану арқылы 504 ауылдық елді мекен интернет желісіне қосылды. Жобаны – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Қаңтар, 2026
Германия АҚШ-тағы алтын қорын елге қайтаруды көздеп отыр
Германия АҚШ аумағында сақтаулы жатқан мемлекеттік алтын қорын елге қайтаруды жоспарлап отыр. Мұндай шешім геосаяси тұрақсыздықтың артуы мен Еуроодақ тарапынан Дональд Трамптың саясатына деген сенімсіздіктің күшеюі аясында туындап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 25 Қаңтар, 2026
МӘМС жарнасын жергілікті әкімдік кімдерге төлейді?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға енгізілген өзгерістерді ресми бекітіп, құжатқа қол қойған еді. Осының есесіне, биылдан бастап МӘМС-тен тыс қалып келген әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға сақтандыру жарнасын жергілікті әкімдік төлейді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2026
Өскемендегі әскери бөлімде сарбаз өзіне қол жұмсады
Өскемен гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі сарбаз өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Қазақстан Құрлық әскерінің тәрбиелік және идеологиялық жұмысы жөніндегі бас қолбасшының орынбасары Арынғали Ақышев хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Әлем • 25 Қаңтар, 2026
АҚШ-тағы иммиграциялық дағдарыс: Миннеаполис тұрғындары Трамп саясатына қарсы көтерілді
АҚШ-тың Миннеаполис қаласында мыңдаған адам -20 градус аязға қарамастан, президент Дональд Трамп әкімшілігі жүргізіп жатқан иммиграциялық репрессияларға қарсылық білдірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Қаңтар, 2026
Шымкенттегі жаппай төбелес: Кісі өліміне қатысты тағы үш күдікті ұсталды
20 қаңтарда Шымкентте болған жаппай төбелесте Василий Колесниковтың қаза табуына байланысты тергеу шеңберінде полиция тағы үш күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Қаңтар, 2026
Астанада құтқарушылар лифтіде қалып қойған 5 адамды шығарып алды
Астанадағы Айтматов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде 5 адам лифт ішінде қалып қойған. Олардың арасында 1 бала болған. Кабина 7-ші қабатта тоқтап қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 25 Қаңтар, 2026
Виктор Мозес «Қайсарға» ауысты
Қызылордалық «Қайсар» клубы әлемдік деңгейдегі танымал тұлға, Нигерия құрамасы мен лондондық «Челсидің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Виктор Мозестің сапқа қосылғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 25 Қаңтар, 2026
Абайдың 180 жылдығы: ҚазҰУ білім беру жүйесіне жаңа пәндер енгізді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен Ғылыми кеңесте ұлы Абайдың 180 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шаралар қорытындыланды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2026
Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Алматы мен Астананың айырбастау орындарындағы доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу мен сату бағамдары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 25 Қаңтар, 2026
Қар, бұрқасын: 25 қаңтарда ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК ел аумағы бойынша 25 қаңтарына арналған ауа райын болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
Мәди Мырзағараев соттың санкциясынсыз ұстау мерзімін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқартуды ұсынды
Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысында сот санкциясынсыз ұстау мерзімін қысқарту және адвокатура институтының конституциялық мәртебесін бекіту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 24 Қаңтар, 2026
Әділет министрі: Алатау Конституцияда бекітілген ерекше мәртебеге ие бола алады
Қазақстан Конституциясы әрбір азаматқа түсінікті болуға, ал жекелеген аумақтарға арнайы мәртебе беру мүмкіндігі – нақты Конституциялық негізге ие болуға тиіс. Мұндай пікірді Конституциялық комиссияның бірінші отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 24 Қаңтар, 2026
Қазақстанда саяси партияларды шетелдік қаржыландыруға тыйым салу ұсынылды
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысында комиссия мүшесі, Мәжіліс депутаты Марат Башимов алдағы реформалардың негізгі басымдықтарына тоқталып, олардың ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
Артур Ластаев Конституцияда өмір сүру құқығының абсолюттік басымдығын бекітуді ұсынды
Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Конституциялық комиссияның алғашқы отырысында Ата заңды жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын баяндады. Ол адамға бағдарланған тәсілді күшейту, негізгі құқықтар мен әрбір азаматтың бостандығын басымдық ету қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2026
Жақып Асанов: Жеке деректердің қорғалмауы – мемлекетке тікелей қауіп
Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында жеке деректерді қорғау мәселесіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, бүгінгі цифрлық әлемде азаматтардың құқығы қағаз жүзінде ғана емес, нақты әрі тиімді қорғалуы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 24 Қаңтар, 2026
Жақсыбек Күлекеев: Ғылыми қызмет қағидалары Ата Заңмен бекітілуге тиіс
Астанада өтіп жатқан Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының ғылыми жетекшісі Жақсыбек Күлекеев еліміздегі ғылыми қызметтің Ата Заң деңгейінде нақты реттелмегенін, соның салдарынан ел дамуын қамтамасыз етудегі ғылымның рөлі мен мәртебесі төмен екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.