Аймақтық қаржылық бақылау және мониторинг агенттігінің мәлімдеуінше, Қарағанды облысы, Теміртау қаласында сандық активтерді заңсыз өндіру дерегі бойынша үкім шығарылды.
Сотталған Толовов Э. Г. 2021 жылғы тамыздан бастап қажетті лицензиясыз жасырын майнинг фермасын ұйымдастырған. Ол Ресейден 156 бірлік майнинг жабдығын сатып алып, өзінің өндірістік базасында орнатқан.
АҚШ инвесторы Қарағандыдағы ірі кен орындарын игеруге 1,1 млрд доллар құймақ
Толовов жасалған сандық активтерді криптобиржадағы аккаунтында жинап, кейін BinancePool және Litecoinpool.org майнинг пулдары арқылы өткізген. Сауда P2P аударымдары арқылы USDT криптовалютасын теңгеге айырбастау жолымен жүзеге асырылған.
Ол жалпы 11,2 BTC және 90,2 LTC сандық активін өндіріп, шамамен 185 млн теңге табыс тапқан.