Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Колледждің бос ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, шағын цех ашылды. Жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, заманауи құралдармен толық жабдықталды.
Алматы облысының колледждері Қытай, Еуропа және Азия елдерімен ынтымақтастық орнатты
Цехта ұлттық және заманауи стильдегі киімдер, сондай-ақ арнайы жұмыс киімдері тігіледі.
Мұнда «тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының студенттері дипломалды тәжірибеден өтіп, нақты тапсырыстарды орындап, бәсекеге қабілетті кәсіби маман болуға дайындалады.