Қаз
Президент • 12 Қараша, 2025
Қазақстан мен Ресей президенттері келіссөз жүргізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің келіссөзі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 12 Қараша, 2025
Қазақстанда вакцина алудан бас тартқандар саны 3,8 есеге өсті
Елімізде вакцина алудан бас тарту жағдайлары жылдан жылға көбейіп келеді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенованың айтуынша, бұл жаһандық мәселеге айналған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 12 Қараша, 2025
Футболдан Қазақстан құрамасы Бельгия қарсы қандай құрамда ойнайды?
Қазақстан құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы соңғы матчын 15 қарашада Бельгияға қарсы өткізеді.
Сауда • 12 Қараша, 2025
4,4 млрд долларға 30 жоба: Қазақстан мен Ресей арасында қандай мәміле бар?
Орал қаласында өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің XXI Өңіраралық ынтымақтастық форумының екінші күнінде Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев БАҚ өкілдеріне сұқбат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 12 Қараша, 2025
Қазақстан құрамасы Бельгияға қарсы матчқа дайындық үстінде (видео)
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Бельгияға қарсы матчқа толық құрамда дайындықты бастады, деп хабарлайды Egemen.kz KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.
Ауа райы • 12 Қараша, 2025
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады
Алдағы күндері Республика бойынша жаңбыр мен қар күтіледі, ал 13 қараша күні шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жаңбыр мен қар жаууы ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 12 Қараша, 2025
Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алады?
Қазақстанда ең жоғары және ең сұранысқа ие мамандықтар белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 11 Қараша, 2025
12 қараша күні Астана мен 15 өңірде көктайғақ болып, боран соғады
12 қараша күні Астана қаласында және еліміздің 15 өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Форум • 11 Қараша, 2025
Орал қаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық форум өтіп жатыр
Орал қаласында Қазақстан мен Ресей мемлекеттері арасындағы XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр. Форум екі күнге созылады. Оның жұмысына екі ел президенттері онлайн қатысады деп күтіліп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Қараша, 2025
Ресейдің Су-35 ұшақтары Президент Тоқаевтың ұшағымен қатарласып ұшты
Мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан Президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қатарласып ұшқан, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 11 Қараша, 2025
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 5,4%-ға артқан
Биылғы қаңтар-қазан айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 8,1 трлн теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,4%-ға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Қараша, 2025
Еліміздің туы Мәскеу көшелерінде желбіреп тұр
Қазақстанның көк туы Ресейдің бас шаһарының көшелерінде желбіреп тұр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 11 Қараша, 2025
Елдегі геологиялық деректер түгелдей цифрланатын болды
Қазақстанда геологиялық ақпаратты цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Қазірге дейін 3,5 миллионға жуық бастапқы деректер цифрланған, ал жұмысты 2026 жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Қараша, 2025
Президент: Білім беру саласында Ресеймен серіктестік жаңа деңгейге көтерілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік іс-сапары қарсаңында «Российская газета» басылымына «Мәңгілік достық – халықтарымыз үшін жарқын жол» атты мақаласы жарияланды. Онда екі ел арасындағы көпқырлы гуманитарлық байланыстарды және ғылыми-білім беру саласындағы өзара әрекеттестікке ерекше мән берілетінін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 11 Қараша, 2025
Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 30 млрд АҚШ долларына жуықтады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге жасалатын мемлекеттік сапары қарсаңында екі ел арасындағы қатынастардың жаңа белесіне жол ашатын маңызды құжатқа қол қойылатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 10 Қараша, 2025
АҚШ-қа қазақ жерінен вольфрам өндіру не үшін қажет?
Қытайдың әлемдік нарықтағы үстемдігі АҚШ-ты Қазақстандағы вольфрам қорларын зерттеуге итермеледі. Бұл металл әскери техника мен технология саласында ерекше маңызға ие, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 10 Қараша, 2025
Қазақстанда орташа жалақы 429 мың теңгеден асты
2025 жылдың III тоқсанында Қазақстандағы орташа айлық жалақы өткен жылмен салыстырғанда 10% өсіп, 429 368 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сілтеме жасап.
Оқиға • 10 Қараша, 2025
Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында жылу қазандығы жарылды
10 қарашада Жібек Жолы елді мекенінде екі жылу қазандығы жарылды. Бір адам зардап шеккені хабарланды, деп жазады Egemen.kz Nayza_kokshe-ге сілтеме жасап.
Ауа райы • 10 Қараша, 2025
Көктайғақ пен екпінді жел: Бүгін елімізде ауа райы қалай құбылады?
Синоптиктер 2025 жылдың 10 қарашасында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, желдің күшеюі және қолайсыз ауа райы күтілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 07 Қараша, 2025
Үкіметте «Қазақстан балалары» бағдарламасының тұжырымдамасы қаралды
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ҚР Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаевтың төрағалығымен 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасының тұжырымдамасын талқылау бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 07 Қараша, 2025
ChatGPT-дің қазақша нұсқасы дамитын болды
Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары аясында Вашингтонда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен OpenAI, Inc. компаниясы ChatGPT-дің қазақ тіліндегі қызмет сапасын арттыру және оны терең дамыту бағытында бірлесе жұмыс істеуге келісті, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 07 Қараша, 2025
Қазақстан баж салығын төмендету туралы Ресей ұсынысын қолдамады
Қазақстан Ресей Федерациясының Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында ет импортына салынатын кедендік баж мөлшерлемелерін төмендету жөніндегі ұсынысын қолдамады. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 07 Қараша, 2025
Елімізде тұңғыш рет: Шорт-тректен жасөспірімдер арасында Әлем кубогі басталды
Шорт-тректен алғашқы жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогі 2023 жылы ұйымдастырылған. Сол кезде-ақ Қазақстан конькишілер одағы осы жарысты өткізуге алғашқылардың бірі болып өтінім берген еді. Нәтижесінде Халықаралық конькишілер одағы елімізге бір емес, қатарынан екі кезеңді сеніп тапсырды. Екі кезең де Астанада өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 07 Қараша, 2025
Қазақстан мен АҚШ цифрлық инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Қазақстандық Alatau City Bank иесі Вячеслав Ким мен DDH (North America) Inc. компаниясы Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен құны 300 миллион доллар болатын өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 07 Қараша, 2025
АҚШ-Қазақстан: бірлескен InnoTech университеті құрылады
Орталық Азия мен АҚШ мемлекеттері басшыларының C5+1 форматындағы кездесуі шеңберінде Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі, Q Group және Arizona State University жаңа халықаралық University of Innovation and Technology powered by Arizona State University (InnoTech) университетін Алматы қаласында ашу туралы ресми келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Қараша, 2025
Stadler вагондары климаттық сынақтан сәтті өтті
Қазақстанда құрастырылған жаңа Stadler жолаушылар вагондары елдің әртүрлі өңірлеріндегі күрделі климаттық сынақтардан табысты өтті. Заманауи пойыздар -30°C суықта да, аптап ыстықта да сенімді жұмыс істей алатынын дәлелдеп, қазақстандық теміржол жүйесіне бейімделгенін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 07 Қараша, 2025
«John Deere, Starlink, Boeing және OpenAI»: Қазақстан мен АҚШ ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Америка Құрама Штаттарына жасаған сапарының нәтижесінде жалпы құны шамамен 17 млрд АҚШ долларын құрайтын 29 келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 07 Қараша, 2025
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, қар және тұман күтіледі
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2025 жылдың 8–10 қарашасына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 07 Қараша, 2025
Сәби өлімі бойынша әлемдік рейтинг жарияланды: Қазақстанның көрсеткіші қандай?
Соңғы жылдары әлемде бір жасқа дейінгі балалар өлім-жітімі азайғанымен, елдер арасындағы алшақтық әлі де орасан. Дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш мың балаға шаққанда екіден аз болса, кейбір кедей елдерде жүзге дейін жетеді. Ranking.kz мәліметінше, Қазақстан сәби өлімін азайтуда айтарлықтай ілгері жылжығанымен, әзірге дамыған елдердің деңгейіне жете қойған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 07 Қараша, 2025
АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстанға келуі мүмкін
«Орталық Азия – АҚШ» саммитінде Дональд Трампқа Қазақстанға қонақ болу жоспарыңызда бар ма деген сауал қойылды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.