Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина WTA рейтингінде 3-орында тұрақты түрде келе жатыр. Ол биылғы маусымды сәтті бастап, Australian Open турнирінде топ жарды. Финалда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңіп, жоғары деңгейдегі тұрақты ойынын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ерлер арасындағы ATP рейтингінде Александр Бублик 10-сатыға көтеріліп, заманауи теннистегі ең жарқын әрі креативті ойыншылардың бірі екенін дәлелдеді.
Жұптық сында Анна Данилина айрықша табысқа жетіп, WTA Doubles рейтингінде 6-орынға көтерілді. Бұл –спортшының мансабындағы рекордтық көрсеткіш. Ол маусымды Qatar Open (Доха, Қатар) турниріндегі жеңіспен бастаған.
Жасөспірімдер арасында Занғар Нұрланұлы ITF Juniors рейтингінің үздік ондығына еніп, тарихи жетістікке қол жеткізді.
Бұл нәтижелер біздің теннисшілердің әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігі артып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар, еліміздегі теннис жүйесінің тиімділігі мен кешенді жұмысының нақты жемісі екенін дәлелдейді.
Еліміздің үздік теннисшісі Australian Open турнирінде қанша табыс тапты?