Оқиға • Бүгін, 17:10

Жалған шот-фактуралар жазу схемасын ұйымдастырған күдікті елге экстрадицияланды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокуратура экономикалық қызмет саласында ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматын Қырғыз Республикасынан экстрадициялады. Күдіктіге бюджетке ірі көлемде залал келтірді деген айып тағылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жалған шот-фактуралар жазу схемасын ұйымдастырған күдікті елге экстрадицияланды

Фото: depositphotos.com

Қадағалау органының мәліметінше, 2023 жылы ол мүліктік пайда табу мақсатында іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін жалған шот-фактуралар жазу схемасын ұйымдастырған. Соның салдарынан мемлекетке 350 миллион теңгеге жуық салық төленбей, бюджетке елеулі шығын келген.

Кеден саласында лауазымын асыра пайдаланған Қазақстан азаматы Испаниядан экстрадицияланды

Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті тергеуден бой тасалаған. Оған халықаралық іздеу жарияланған. 2025 жылдың наурыз айында ол Бішкек қаласында ұсталды. Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге қайтарылды.

Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Бірнеше рет алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Ресейден экстрадицияланды

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша қала бар?

Қазақстан • Бүгін, 17:02