Бокс • Бүгін, 09:48

Софиядағы бокс бәсекесі: Қазақстанның 15 былғары қолғап шебері рингке көтерілді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Болгарияның астанасы – Софияда өтіп жатқан «Странджа кубогінің» екінші жарыс күні Қазақстанның 15 былғары қолғап шебері рингке көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Софиядағы бокс бәсекесі: Қазақстанның 15 былғары қолғап шебері рингке көтерілді

Солардың дені жеңіске жетсе, біразы ұтылды. Атап айтсақ, Жайна Шекербекова (54 кг) Тала Хаббастан (Болгария), Жазира Орақбаева (51 кг) Фатиха Мансуриден (Алжир), Әнел Сақыш (54 кг) Энхжаргал Мунгунцэцэгтен (Моңғолия), Элина Базарова (54 кг) Моник Сурачиден (Аустрия), Мәдина Нұршаева (70 кг) Дилара Сақтан (Түркия), Бағлан Кенжебек (55 кг) Абдуләзиз Абдуназаровтан (Өзбекстан), Сұлтанбек Айбарұлы (85 кг) Саба Квиникадзеден (Грузия), Илья Калинин (65 кг) Заур Гахрамановтан (Әзербайжан), Бекзат Таңатар (85 кг) Паоло Карузодан (Италия), Ертуған Зейнуллинов (65 кг) Джейсон Невиннен (Ирландия), Дәулет Төлемісов (95 кг) Семён Болдыревтен (Болгария) және Нұрмагамед Юсупов (90 кг) Роселин Бачевскиден (Болгария) басым түсті.

«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады

Ал Анита Әдішева (51 кг) Кейтлин Фрайерске (Ирландия), Тимур Қабдешов (55 кг) Лоренцо Патрициоға (АҚШ) және Әбдікәрім Әбдіғалым (65 кг) Абдуллох Мадаминовқа (Өзбекстан) жол берді.

Еске сала кетейік, 23 ақпан мен 2 наурыз аралығында Болгария астанасы Софияда өтетін «Странджа» халықаралық турнирінде ұлттық құраманың 39 cпортшысы бақ сынайды.

Соңғы жаңалықтар