ЕС
Экономика • 03 Желтоқсан, 2025
«Даму» қоры алғаш рет цифрлық теңгемен несие берді
«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Halyk Bank арқылы жылдық 12,6% мөлшерлемемен жеңілдетілген цифрлық несие берді. Оған Ұлттық банк қолдау көрсетті. Цифрлық теңгені пайдаланған алғашқы клиент – павлодарлық кәсіпкер Виталий Кремберг, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2025
Ел тұрғындары 15 желтоқсанға дейін қандай есептерді өткізуі керек?
Елімізде салық төлейтін азаматтар желтоқсан айында салық есептерін уақытылы тапсырып, бюджетке міндетті төлемдерді төлеуі қажет. Есептерді дер кезінде өткізу арқылы азаматтар өсімпұлдар мен өзге де жағымсыз жайттардың алдын алады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 03 Желтоқсан, 2025
АҚШ пен Ресей Украина мәселесі бойынша ортақ мәмілеге келе алмады
АҚШ пен Ресей америкалықтардың бітімгерлік жоспарындағы аумақтық мәселеге қатыстық ортақ ымыраға келе алмады. Бұл туралы Трамптың арнайы өкілі Стив Виткофф және Джаред Кушнер өткізген келіссөзден соң белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 02 Желтоқсан, 2025
Алматыда бір түнде 6 мас жүргізуші ұсталды
Алматыда жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған республикалық «Қауіпті жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 02 Желтоқсан, 2025
МӘМС төленбесе, несие де берілмейді
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктерге қарыз алушылардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша берешегін ескеруді міндеттейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2025
Қытай инвесторлары Атырау облысында бірнеше өндіріс ашуы мүмкін
Атырау облысында Қытайдан инвесторларды тартуға басымдық беріліп отыр. Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің дерегіне сүйенсек, осы мақсатта арнайы индустриялық аймақ құрылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Мемлекетінің Жоғары судьясын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина Мемлекетінің Жоғары судьясы, Президенттің дін істері жөніндегі кеңесшісі Махмұд әл-Хаббашты қабылдады. Мемлекет басшысы мейманға ілтипат білдіре отырып, дипломатиялық қатынас орнаған сәттен бері Қазақстан мен Палестина арасындағы ынтымақтастық достық, өзара қолдау және құрмет сипатында дамып келе жатқанына назар аударды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында қанша үкіметтік емес ұйым тіркелген?
Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметіне сүйенсек, аймақта 892 үкіметтік емес ұйым бар. Демократиялық қоғамды алға жылжытуға атсалытатын мұндай ұйымның басым бөлігі Атырау қаласында жұмыс істейді. Қазір мұнайлы шаһарда 741 ұйым түрлі жобаны іске асырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2025
Мектептің бас есепшісі 52 млн теңге жымқырған
Қызылорда облысына қарасты Байқоңыр қаласының прокуратурасы мемлекет бюджетін жымқыру фактісін анықтаған. Жемқорлық әрекеті білім беру ұйымдарының 2022-2024 жылдары аралығында бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесінде белгілі болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Желтоқсан, 2025
«Қазақстан – Еуропалық одақ» ынтымақтастық кеңесінің 22-ші отырысы өтті
Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Еуропалық одақтың сыртқы саясат жөніндегі жоғары өкілі Кая Калластың төрағалығымен «Қазақстан – Еуропалық одақ» ынтымақтастық кеңесінің 22-ші отырысы өтіп, тараптар соңғы он жылдағы серіктестіктің жетістіктерін саралап, алдағы басымдықтарды айқындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 02 Желтоқсан, 2025
Толық циклді жоба: Түркістанда ірі мақта өсіру кешені құрылады
Үкімет Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС арасында Түркістан облысында шитті мақтаны өсіру және терең өңдеу бойынша инвестициялар туралы келісім жасауды мақұлдады. Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 02 Желтоқсан, 2025
Астана мен 16 өңірде дабылды ескерту жарияланды
Синоптиктер 2 желтоқсанда Астана қаласында және еліміздің 16 өңірінде дабылды ескерту жариялады. Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Заң • 01 Желтоқсан, 2025
Елімізде жол ережесін қайта-қайта бұзған жүргізушілерге айыппұл баллы есептелмек
Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен орталық, жергілікті және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері бойынша заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыстылыққа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 01 Желтоқсан, 2025
Енді қытайлықтар Ресейге визасыз кіре алады
Ресей Қытай азаматтарына ел аумағына туристік, іскерлік және бірқатар гуманитарлық мақсаттармен визасыз кіруге мүмкіндік берді. Жаңа тәртіп 30 күнге дейін есептелген сапарларға қолданылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2025
Шымкентте есірткі жасырушының әрекеті дрон арқылы әшкере болды
Шымкенттік полицейлер дронның көмегімен есірткіні жасырын қойып кеткен күдіктіні қолға түсірді. Ер адам рейдтік іс-шара барысында есірткі салынған түйіншектерді тығып жатқан кезінде көзге түскен, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 01 Желтоқсан, 2025
Неліктен бұдан былай кредиттер бірден берілмейді?
30 қыркүйектен бастап Қазақстанда онлайн рәсімделетін кепілсіз тұтынушылық қарыздар үшін жаңа міндетті тетік іске қосылды. Енді қарыз шартына қол қойылғаннан кейін қаражат бірден берілмейді – қарыз алушы белгілі бір уақыт күтіп, осы шешімін қайта растауы қажет, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 01 Желтоқсан, 2025
Қай сала көбірек несие ала бастады?
Биылғы қыркүйек айының соңында Қазақстан банк секторынан кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелер көлемі жыл басынан бері 15%-ға өсіп, 17,6 трлн теңгеге жеткен. Ақшалай мәнде несие портфелі 2,3 трлн теңгеге ұлғайған. Жалпы алғанда, елде бизнеске несие беру белсенділігі сақталып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 01 Желтоқсан, 2025
Жұлдыз Сүлейменова: Педагогтерді аттестаттау қағидалары қайта қаралады
Педагогтерді аттестаттау қағидаларын қайта қарау мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сұрақ-жауап форматында өткен талқылауда Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 01 Желтоқсан, 2025
Алматыда жаңа туған нәресте саудасына қатысты қылмыстық іс тіркелді
Алматы әуежайында шетел азаматтарының суррогат анадан туған балалармен елден шығуға әрекет жасағаны туралы ақпарат тарады. Сәбилерді сатумен бірнеше отбасылық жұп айналысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 01 Желтоқсан, 2025
«421 мың тонна прекурсор анықталды»: Қазақстанда 1000-ға жуық ұйым тексерілді
Қазақстанда есірткі қылмысына қарсы прекурсорлардың заңды айналымын бақылау мақсатында 981 ұйымға тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 30 Қараша, 2025
Биыл шілде айында Қызылжар қаласына кіреберіс күре жолда «Ботай» ескерткіші ашылды. Бұл жылқыны алғаш рет адамзат баласы Солтүстік Қазақстан облысының аумағында қолға үйреткеніне қойылған ғасырлық ескерткіш. Авторлары М.Садықов, А.Нартов және Ж.Бауырқан деген мүсіншілер. Жалпы, ескерткіштің идеясы тамаша, онда жер шарында барлық елден бұрын Қазақ жерінде ат құрықталғанын көрсетіп тұр, дейді Egemen.kz.
Әлем • 29 Қараша, 2025
Трамп Венесуэла үстінен әуе кеңістігін жабатынын жариялады
АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла үстін және оған жақын аймақтағы әуе кеңістігін толық жабу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы BBC хабарлады.
Энергетика • 29 Қараша, 2025
Жедел жоспар іске қосылды - Энергетика министрлігі КҚК-дағы төтенше жағдайға қатысты
Энергетика министрлігі Ресейдің Новороссийск портындағы төтенше жағдайға байланысты ресми ақпарат таратты, деп жазады Egemen.kz.
Форум • 28 Қараша, 2025
Өңірлердегі кадр тапшылығы мәселесі қалай шешіледі?
Бүгін Астана қаласындағы «Конгресс орталығы» ғимаратында Мемлекет басшысының қатысуымен «Ауыл әкімдерінің диалог алаңы» тақырыбында республикалық форум өтті. Форум аясында «Клиентке бағдарланған сервистік мемлекеттік қызмет: диалог, кәсібилік, ашықтық» тақырыбындағы арнайы панельдік сессия ұйымдастырылып, жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқарудың сапасын арттырудың түйткілді мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Қараша, 2025
Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Астана ЭКСПО-2017»-ге қатысы бар шендіні қамауға алды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Астана ЭКСПО-2017» төрағасының бұрынғы кеңесшісі Айдос Есполовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 28 Қараша, 2025
Жаңа жылдан бастап «Келешек мектептерінің» бағдарламасына дзюдо үйірмесі енгізіледі
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Азия дзюдо одағы президентінің кеңесшісі Айдар Махметов пен «Жеңіс» спорт клубының бас директоры Тимур Тұрсынбаевты қабылдады. Кездесуде тараптар «Келешек мектептерінің» бағдарламасына дзюдо үйірмесін қанатқақты жоба ретінде енгізу мәселесін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Қараша, 2025
Мичурин бағында 600-ден астам жеміс-жидек түрі отырғызылады
Президент жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы Ресей Ғылым академиясымен бірлесіп «ЭКСПО-Агроөнеркәсіптік кешендегі озық технологиялар» тақырыбында халықаралық көрме және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттарын қамтитын конференция өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 27 Қараша, 2025
Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған
Алматыда №15 автобус жүргізушісіне жолаушы шабуыл жасаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 27 Қараша, 2025
ҰҚШҰ-ның келесі саммиті Ресейде өтеді
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымындағы төрағалық Ресейге өтті. Бұл туралы Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 27 Қараша, 2025
Мичурин бағында 600-ден астам жеміс дақылдарының сорты отырғызылады
Бүгін Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы Ресей Ғылым академиясымен бірлесіп «ЭКСПО-Агроөнеркәсіптік кешендегі озық технологиялар» халықаралық көрме, оның аясында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттарын қамтитын конференция өткізді, деп жазады Egemen.kz.