Қоғам • 28 Қаңтар, 2026

Министрлік: Үш күнде 40 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі жол жүрісі қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында өткізілген «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. Айналдырған үш күнде 40 мыңнан аса бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрлік: Үш күнде 40 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелді

Фото: freepik.com

Оның ішінде көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарудың – 313, қарсы бағытқа шығудың – 175, міндетті сақтандыру талаптарын бұзудың 1 965 дерегі тіркелді.

Сондай-ақ техникалық байқаудан өтпеудің – 2 147, көлік басқару кезінде телефон пайдаланудың – 2 698 фактісі, маневр жасау қағидаларын бұзудың – 3 146 дерегі тіркелсе, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзудың 455 дерегі анықталды.

Биылдан бастап жол ережесіне қатысты айыппұлдар өседі

Өткізілген шара нәтижелері жолда жүру қағидаларын бұзудың салдары жол-көлік оқиғаларына тікелей әсер етіп, жол жүрісіне қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін көрсетті.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды жол жолда жүру қағидаларын қатаң сақтауға, жолда өзара сыйластық танытуға және қауіпсіздік әрбір адамның жеке жауапкершілігі екенін ұмытпауға шақырады.

Жамбыл облысында жол ережесін 155 рет бұзған жүргізуші ұсталды

Соңғы жаңалықтар