оқ
Оқиға • Кеше
Алматыда студент сегізінші қабаттан құлап кеткен
Алматыда бірінші курс студенті университет ғимаратынан құлап, оқиға орнында көз жұмған. Аталған деректі оқу орнының медиаорталығы растаған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • Кеше
Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады
Президенттің Жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградамен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев: Әлем елдерінің қазақ армиясына деген сенімі жоғары
Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйлеп егемен еліміз Қарулы күштерге зор сенім артып отырғанына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы: Сұрапыл соғыста Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етеміз
Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қытайдың Хунань өлкесіндегі пиротехникалық зауытта орын алған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 05 Мамыр, 2026
Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды
Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері 900-ден астам қару тәркіленгенін хабарлады. Ведомство мәліметінше, оның ішінде 74 қару қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 04 Мамыр, 2026
Германияда жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды
Лейпциг қаласында жеңіл автокөлік адамдар тобына соғылып, қайғылы оқиға болған. Салдарынан кемінде екі адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 04 Мамыр, 2026
Президентке көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді
Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев GITEX AI Central Asia & Caucasus 2026 халықаралық технологиялық көрмесін аралап көрді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Мамыр, 2026
Астанада шамамен 40 адам жасөспірімді аяусыз соққыға жыққан
Астана қаласында Конституция көшесі бойындағы «Ильяс» дүкені маңында жас жігіттің соққыға жығылғаны белгілі болды. Зардап шегушінің туыстарының айтуынша, оқиғаға шамамен 40-қа жуық адамның қатысы болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Мамыр, 2026
Тоқаев Dubai World Trade Center атқарушы вице-президентімен кездесті
Мемлекет басшысы Dubai World Trade Center атқарушы вице-президенті Трикси Лохмирмандты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 04 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директорын қабылдады
Мемлекет басшысы Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директоры Ли Кай Фуды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 04 Мамыр, 2026
Қазақстанда «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» құрылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысында сенімді инфрақұрылымды цифрлық экономиканың тағы бір берік тұғыры ретінде атады, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 04 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы «Алтын виза» иегерлеріне берілетін жаңа жеңілдіктер туралы айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге әлемнің әр түкпірінен білікті мамандар шақыру және инвестиция тарту үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Мамыр, 2026
Қазақстан криптохабқа айналады: Президент Үкімет пен Ұлттық банкке шұғыл тапсырма берді
Алматыда өткен Жасанды интеллект жөніндегі кеңестің екінші отырысында Президент Біріккен Араб Әмірліктері мен Қытайдың тәжірибесін мысалға келтіре отырып, Қазақстанның да бұл бағытта өң нәтижеге жеткенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 04 Мамыр, 2026
Цифрлық экономика ІЖӨ-ге қалай әсер етеді? Президент ұсыныстар енгізуді тапсырды
Алматыда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті. Мемлекет басшысы Үкіметке цифрлық экономиканың ІЖӨ-ге әсерін бағалау бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Мамыр, 2026
Тоқаев жаңа құлынға Ақниет деп ат қойды: Президент тұлпарлардың күтімін көрді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр мерекелері кезінде Президент Іс басқармасының атқорасына барды. Президент мұнда әр жылдары өзіне сыйға тартылған арғымақтардың күтімін көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 03 Мамыр, 2026
Жылына 7,6 миллион теңге: Қазақстанда оқу ақысы қымбаттады
Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда жоғары білім беру қызметтерінің бағасы айтарлықтай өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, оқу ақысы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда орта есеппен 10,8%-ға жоғарылаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 02 Мамыр, 2026
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» акциясы аясында еліміздегі 185 Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Мамыр, 2026
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Тараз қаласында №40 гимназия аумағында биіктіктен құлаған мектеп оқушысы ауыр жарақат алды. Бұл ақпаратты Жамбыл облысы Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Сәуір, 2026
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 30 Сәуір, 2026
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 30 Сәуір, 2026
3,7 миллиард долларлық келісім: Тоқаев Жапония Парламентінің өкілін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ясутоши Нишимураны Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы болып тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 30 Сәуір, 2026
Жібек жолындағы қанды оқиға: Үш адамды өлтірген күдіктінің жағдайы белгілі болды
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астана маңындағы Жібек жолы ауылында өз отбасын өлтірді деп айыпталған күдіктінің ісін тергеуге қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 29 Сәуір, 2026
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Мәжіліс депутаттары қазіргі медициналық білім беру моделі студенттерге жеткілікті тәжірибе бермейтіндігін атап өтіп, оқу мерзімін тағы бір жылға ұзартуды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Сәуір, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Андрей Бабишке ілтипат білдіріп, Қазақстан жұртшылығы оны Чех Республикасында ғана емес, Еуропаға белгілі саяси қайраткер ретінде жақсы білетінін жеткізді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зерде • 28 Сәуір, 2026
19 елдің ішінен дара шықты: Қазақстандық оқушылар Литвада өткен білім бәйгесінде топ жарды
Қазақстан оқушылары Еуропаның жаңа білім бәйгесінде топ жарып, ел мерейін асқақтатты. 23-29 сәуір аралығында Литва Республикасының Вильнюс қаласында алғаш рет өткен European Mathematical Olympiad халықаралық додасында ұлттық құрама командалық есепте 1-орын иеленді. Беделді білім сайысына 19 елден 21 команда, жалпы 126 оқушы қатысқан, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Сәуір, 2026
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
27 сәуірде KAZ Minerals тобына қарасты «Шығыстүстімет» ЖШС-нің Орлов шахтасында жазатайым оқиға тіркеліп, бір қызметкер көз жұмды. Тағы бір жұмысшы зардап шегіп, медициналық мекемеге жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 27 Сәуір, 2026
Робототехника додасы: Қазақстан оқушылары екі бірдей басты марапатқа ие болды
Ұлыбританияның Хэрогейт қаласында Institution of Engineering and Technology ұйымдастырған беделді UK First Lego League Championship халықаралық робототехника чемпионатында Қазақстан намысын қорғаған елордалық оқушылар зор жетістікке жетті. Олар екі бірдей басты марапатты иеленіп, ел мерейін асқақтатты, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 27 Сәуір, 2026
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Threads әлеуметтік желісінде Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды тілдеген азаматшаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.