Президент • Бүгін, 13:38

Қасым-Жомарт Тоқаев: Әлем елдерінің қазақ армиясына деген сенімі жоғары

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйлеп егемен еліміз Қарулы күштерге зор сенім артып отырғанына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Әлем елдерінің қазақ армиясына деген сенімі жоғары

Фото: Ақорда

Президенттің айтуынша, еліміз ТМД ішіндегі БҰҰ бітімгерлік миссиясын дербес орындау мәртебесіне ие болған жалғыз мемлекет.

«Бүгінде Қазақстанның айбынды армиясы батыр бабалардың даңқты жолын лайықты жалғастырып келеді. Сайыпқыран сарбаздарымыз – қасиетті Тәуелсіздігіміздің берік қалқаны. Олар еліміздің тыныштығын, жеріміздің тұтастығын қас қақпай күзетіп тұр. Күштік құрылымдар заң үстемдігін, қоғамдық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Құтқарушылар қатерден қаймықпай азаматтардың амандығы үшін тынымсыз еңбек етіп жүр. Жауынгерлеріміз күрделі міндеттерді табысты орындап, халықаралық тұрақтылықты нығайту ісіне де зор үлес қосуда. Қазақстан – Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясын дербес орындау мәртебесіне ие болған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ішіндегі жалғыз мемлекет. Бұл әлем елдерінің қазақ армиясына деген сенімі жоғары екенін көрсетеді», деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы: Сұрапыл соғыста Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етеміз

Қасым-Жомарт Тоқаев сарбаздарымыз арнайы жасақтар мен күштік құрылымдар арасындағы жаһандық додаларда тамаша жетістікке қол жеткізіп жүргенін айтты.

«Биыл Дубайда өткен ауқымды халықаралық жарысқа еліміздің бес командасы қатысып, жүлдемен оралды. Байрақты бәсекеде бірінші және екінші орынды Қазақстан құрамасы еншіледі. Әсіресе, әйелдер арасында топ жарған «Томирис» командасының қарым-қабілетіне жаһан жұрты тәнті болды. Мұның бәрі де – рухы мықты, қажыр-қайраты мол, Отан алдындағы антқа адал сарбаздарымыздың ерен еңбегінің жемісі екені айқын. Мемлекет осындай айбынды жауынгерлерімізді қашанда қолдайды. Бұл – ең алдымен, ел мүддесі үшін, яғни, ұлтымыздың келешегі үшін аса маңызды міндет», деді Президент.
Соңғы жаңалықтар