аш
Медицина • Кеше
Енді науқастар ұзақ уақыт кезек күтпейді: Астанада алғашқы ревматология орталығы ашылды
Елордада ревматологиялық ауруларды емдеуге арналған алғашқы мамандандырылған орталық іске қосылды. Жаңа нысан науқастарға стационарлық көмекті қолжетімді етіп, ұзақ кезек мәселесін шешуге мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Экология • Кеше
ҚазҰУ зерттеушілері Қазақстанда алғаш рет литий-ион батареяларын қайта өңдеу жобасын қолға алды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары Қазақстанда алғаш рет литий-ионды батареяларды кешенді қайта өңдеуге бағытталған ғылыми жобаны жүзеге асырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 05 Мамыр, 2026
Астанада «Шекарашы балақай» мультсериалы көрсетілді
Отан қорғаушылар күніне орай Астана қаласындағы «Tanym» көпфункционалды кешенінде «Шекарашы балақай» мульсериалының салтанатты таныстырылымы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Мамыр, 2026
Жетісу облысында Сиверс алма ағашы гүлдеді
Бүгін Жетісу облысы Сарқан ауданының Тополевка ауылы маңындағы «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында ерекше табиғи құбылысқа арналған «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша президенті мен премьер-министріне алғыс білдірілген хат жолдайды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 30 Сәуір, 2026
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Алматы қаласында еліміз үшін жаңа инфрақұрылымдық нысан – Қазақстандағы алғашқы крематорий іске қосылды. Нысан қалалық патологоанатомиялық бюроның қарауына беріліп, қаладағы жерлеу қызметтері жүйесінің бір бөлігіне айналды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Сәуір, 2026
Қазақстанда бұрын-соңды болмаған ұлттық мал шаруашылығы экспедициясы басталды
1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күні Астанада Nazarbayev University және NU Impact Foundation стратегиялық серіктестігімен іске асырылып жатқан Turan қазақстандық мал өсірушілер қауымдастығының далалық білім беру медиа жобасы – Dala.Camp ұлттық мал шаруашылығы экспедициясы басталды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Сәуір, 2026
Алматыда ағаш құлап, көліктер мен электр желілерін зақымдады
Алматыда тағы бір ағаш құлау оқиғасы тіркелді.Бұл жолы Медеу ауданында орналасқан Бөгенбай батыр мен Бегалин көшелерінің қиылысында терек құлап, электр сымдары мен тұрақта тұрған көліктерге зақым келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 29 Сәуір, 2026
Қамшыбек Ташиевке Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деген айып тағылды
Қырғызстанда бұрынғы жоғары лауазымды үш шенеунік – ҰҚК-нің экс-төрағасы Қамшыбек Ташиев, бұрынғы депутат Курманкул Зулушев және Жогорку Кенештің экс-спикері Нурланбек Шакиев Ішкі істер министрлігінде жауап алуға шақырылды. Бұл туралы адвокат Шердор Абдыкапаров мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 28 Сәуір, 2026
Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді
Аргентинада Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері ерекше қайырымдылық жобасын бастады. Бұл жоба мектептерге музыкалық аспаптар алып беруге және балалардың музыкамен айналысуына көмектесуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Сәуір, 2026
15 жылдан бері алғаш рет: «Болашақ» стипендиясы 10-15 пайызға артуы мүмкін
Қазақстанда «Болашақ» бағдарламасы бойынша төленетін ай сайынғы стипендия көлемін 10-15%-ға арттыру мәселесі талқыланып жатыр. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Халықаралық бағдарламалар орталығы басқарма төрағасының орынбасары Абай Рахмет айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Сәуір, 2026
Адамдарға қарай бағытталған: Алматы саябағында отшашу атқандарды полиция іздеп жатыр
Алматы полициясы Ганди саябағында болған отшашуға қатысты тексеру жұмыстарын бастады. Куәгерлердің айтуынша, пиротехника салынған қорап аударылып қалып, снарядтар жан-жаққа, соның ішінде адамдарға қарай ұшқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 27 Сәуір, 2026
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Ұлттық кітап және кітапханашылар күні қарсаңында Алаш арыстарының атамекенінде белгілі қаламгер, Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты, медиа зерттеуші Төлен ТІЛЕУБАЙДЫҢ «Ақтоғайым, мен сенің бір ұлыңмын!» атты шығармашылық кеші өтті.
Оқиға • 27 Сәуір, 2026
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек «Болашақ» бағдарламасы бойынша заңсыз грант алғандар мен бюджет қаржысын негізсіз жұмсағандардың есімдерін ашық жариялауды талап етті. Депутаттың есебінше, бағдарламадағы заңсыздықтардан келген шығын 10 миллиард теңгеге жетуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 26 Сәуір, 2026
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Кеше Вашингтонда тілшілерге арналған кеште атыс болып, АҚШ президенті Дональд Трамп жедел түрде қауіпсіз жерге жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 23 Сәуір, 2026
Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Жуырда Петропавл қаласында омыртқаның жарығына тұңғыш рет ота жасалды. Бұрын мұндай оталар біздің елімізде тек Астана, Алматы, Қарағанды және Орал қалаларында ғана жасалатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 23 Сәуір, 2026
Қазақстанда ветеринарларға қосымша төлемдер енгізілуі мүмкін
Парламент Мәжілісінің отырысында ветеринария мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы таныстырылды. Құжатта ветеринар мамандарға қосымша төлемдер мен үстемақылар енгізу көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 23 Сәуір, 2026
Елімізде орташа жалақыны есептеу ережелері өзгереді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі орташа жалақыны есептеу тәртібіне қатысты бірыңғай ережелерге өзгерістер енгізу жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 22 Сәуір, 2026
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Ұлттық ұланда үздік сарбаздар әскери қызмет барысында кіші сержант шенін иелене алады. Жаңа бастама – жас әскери қызметшілердің кәсіби өсуіне және қызметке деген ынтасын арттыруға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммит аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Президенті Михаил Кавелашвилимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2026
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстанның отын нарығында ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуге бағытталған жаңа өнім – БИ-95 автокөлік отынының өндірісі іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 21 Сәуір, 2026
Қазақстанда екінші АЭС Балқаш маңында салынуы мүмкін
Қазақстанда екінші атом электр станциясын салу бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Жаңа нысан Балқаш көлі маңында орналасуы ықтимал. Бұл туралы Ақорда кулуарында Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 19 Сәуір, 2026
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қонаев қаласындағы «Көшпенділер» қалашығы аумағында жалпы облыстық сенбілік өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Сәуір, 2026
«Қарағанды – Жезқазған» автожолын салу: Вашингтонда қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды
Вашингтон қаласында Қазақстан делегациясының сапары барысында Дүниежүзілік банк штаб-пәтерінде «Қарағанды – Жезқазған» автожолын салуға қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды. Жоба елдің көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі ретінде қарастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 15 Сәуір, 2026
Елімізде ғылым қалашықтары мен ғылыми-технологиялық парктер құрылады
Ғылым мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер елдің ғылыми-технологиялық және инновациялық әлеуетін нығайтуға бағытталған. Осы мақсатта бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ғылыми және технологиялық ресурстарды тиімді шоғырландыру, жоғары технологиялық өндірістерді дамыту және ғылымның инвестициялық тартымдылығын арттыру тетіктері ұсынылады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Сәуір, 2026
Қарашығанақ жобасы: газ жеткізу мен баға мәселесі талқыланды
Қазақстан Қарашығанақтағы газ өңдеу зауытының құрылысын жеделдетуде. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жылына 5 млрд текше метрге дейін газ өңдейтін зауыт салу 2029 жылға дейінгі газ саласын дамытудағы негізгі жобалардың бірі екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Сәуір, 2026
Көркем гимнасшылар Ташкентте күміс алды
Еліміздің көркем гимнасшылары Ташкентте ұйымдастырылған Әлем кубогінің топтық бәсекесінде екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 10 Сәуір, 2026
Тозған жайылым, торыққан шаруа: Түйін қашан тарқатылады?
Үкімет Ауыл шаруашылығы министрлігі дайындаған «Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын» бекітті. Аталған құжат саланы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған нақты шараларды қамтиды. Оның ішінде жеңілдетілген несиелер беру, жайылым инфрақұрылымын дамыту, кадрлық әлеуетті нығайту және ветеринариялық қауіпсіздікті күшейту мәселелері қарастырылған. Кешенді жоспардың ел экономикасын көтеруге және мал шаруашылығын алға жылжытуға қаншалықты үлес қосатыны жөнінде Egemen.kz тілшісі Парламент Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаевпен әңгімелесті.
Руханият • 08 Сәуір, 2026
Мұқаш (Мұханбетқали) Сейтқазинов ағаның айтысын тұңғыш рет 1990 жылы Алматы қаласында көргенмін. Біз онда ҚазМУ-дың соңғы курсында оқитын едік. Әр облыстан таңдаулы ақындар, термешілер, жыршылар қатысқан үлкен өнер аламаны өтті. Сол жолы сахнаға домбырасыз шығып, «Дәридай» деп айтысқан Мұқаңа таң-тамаша қалғанбыз. Бұл аздай, Керекуден келген Серік Құсанбаев ағамыз домбыраны солақай тартатын болып шықты. Бірі домбырасыз «дәридайласа», бірі домбыраны солақай ұстап шыққаны, жасыратыны жоқ, басында күлкілі көрінген. Кейін ақындардың табан астында сөз тауып кеткен тапқырлығын, сөз саптауын, тегеурінін көргенде, талантына қайран қалдық.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2026
Балқаш көлі жағалауындағы жер учаскелері инвесторларға ашық аукцион арқылы ұсынылады
Жетісу облысында Балқаш көлі жағалауындағы жер телімдері инвесторларға ашық аукцион арқылы ұсынылатын болады. Бұл бастама көл жағалауын дамытуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі ретінде қарастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.