Мәжіліс депутаттары тарапынан әзірленген заң жобасы ветеринария саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге және ветеринариялық қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған.
«928 млн теңге»: Түркістан облысында ветеринарлық қызмет мемлекеттен ірі қаражат жымқырған
Депутат Нұржан Әшімбетовтің мәліметінше, заң жобасында ветеринария саласындағы өкілеттіктерді мемлекеттік басқару деңгейлері арасында нақты бөлу көзделген.
«Атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдарға жануарлардан қан алу жүйелерін мемлекеттік сатып алу функциясын беру ұсынылады. Сонымен қатар, облыстық маңызы бар қалалар мен аудандар әкімдіктеріне биотермиялық шұңқырларды, сою алаңдарын салу, реконструкциялау және оларды күтіп-ұстауды ұйымдастыру құзыреті беріледі», деді Мәжіліс депутаты.
«Малшы мен ветеринар жоқ»: Депутат азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төніп тұрғанын айтты
Заң жобасына Үкімет тарапынан оң қорытынды берілген. Сонымен қатар, Республикалық бюджет комиссиясы мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындар бөлуге келісім берген. Осы мақсатта жыл сайын шамамен 27 миллиард теңге бөлу көзделген.