Ұлбосын ИСАБЕК
Ұлбосын ИСАБЕК«Egemen Qazaqstan»
477 материал табылды

Аймақтар • 15 Наурыз, 2026

Алматы облысында бір көшенің тұрғындары түгел таңдау жасады

Алматы облысындағы Қосқұдық ауылында республикалық референдум күні ерекше жағдай болды. Мұнда бір көшенің тұрғындары азаматтық позицияларын білдіру мақсатында төрт көзі түгел жиналып, референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады, деп жасады Egemen.kz.

Референдум • 15 Наурыз, 2026

Алматы облысында дауыс беру ақсақалдың ақ батасымен басталды

Шеңгелді ауылдық округі бойынша 6 референдум учаскесі жұмысын бастады. Ондағы сайлаушылардың саны – 5300-ге жуықтайды. Алақандай ауыл тұрғындары референдумға бір кісідей үн қосып, өз таңдауларын жасауды бастап кетті. Алғашқылардың бірі болып референдум учаскесінің есігін ашқан Шеңгелді ауылының ақсақалы Амангелді Беспаев №956 референдум учаскесінде өз таңдауын жасап, ақ батасын берді, деп жазады Egemen.kz.

Референдум • 15 Наурыз, 2026

Алматы облысында дауыс берушілер тізімі миллионнан асады

Бүгін еліміз бойынша жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматы облысында дауыс беруге құқығы бар азаматтар тізіміне 1 029 611 адам енгізілген. Оның ішінде 5871 адам алғаш рет дауыс бере алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдум • 15 Наурыз, 2026

Алматы облысының әкімі референдумда өз таңдауын жасады

Ел тағдыры үшін саяси маңызға ие бүгінгі референдумға өңір жұртшылығы белсене қатысып жатыр. Соның ішінде облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев республикалық референдум аясында дауыс берді. Өңір басшысы Қонаев қаласындағы №949 референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Аймақ басшысы бұл күннің ел үшін маңызы ерекше екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ата заң • 13 Наурыз, 2026

Қонаевта референдум мен Наурыз мейрамы қарсаңында дрон-шоу ұйымдастырылды

Алматы облысында цифрлық технологияның мүмкіндіктерін көрсеткен ерекше дрон-шоу өтті. 500-ден астам дрон Қонаев қаласының көгінде қалықтап, көрермендерге әсерлі жарық композицияларын ұсынды. Аспанда Қазақстан картасы бейнеленген сәтте жиналған жұрт ерекше қуанышын жасыра алмады, деп жазады Egemen.kz.

Ата заң • 21 Ақпан, 2026

Алматы облысының жастары «Халықтық Конституция үшін» жалпыұлттық коалициясын қолдады

Қонаев қаласында «Жаңа Конституция: орнықты дамудағы қоғамдық диалог пен жастардың рөлі» тақырыбында жастармен кездесу өтті. Іс-шараға «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері және облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып жүрген өңірдің жас буыны қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Аймақтар • 19 Ақпан, 2026

Қонаевта кәріз-тазарту жүйесінің құрылысына қанша қаржы жұмсалады?

Облыс орталығы Қонаев қаласында бірнеше жылдан бері шешімін таппаған күрделі мәселеге нүкте қойылар уақыт таяу. Жүз пайыз тозығы жеткен кәріз-тазарту жүйесінен қолқаны қабатын жағымсыз иіс шығатыны туралы тұрғындар тарапынан жиі шағым түсетін, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 19 Ақпан, 2026

Қонаевтағы желкенді спорт оқу-жаттығу орталығы қала меншігіне өтті

Желкенді спорт оқу-жаттығу орталығы Қонаев қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне қабылданды. Бұған дейін нысан «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның теңгерімінде болған, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 18 Ақпан, 2026

Шеңгелді ауылында мал сою пункті іске қосылды

Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округінде бірнеше жыл бойы жұмыс істемей тұрған мал  сою пунткі іске қосылды. Жоба Алматы облысының ветеринария басқармасы, ветеринариялық станция және Қонаев қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Аймақтар • 10 Ақпан, 2026

Талғардағы тосын жағдай: 150 текше метр топырақ үйлерді басып қала жаздады

Күн жылынып, жаңбыр жауса Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы тұрғындардан маза кетеді. Себебі, тауға жақын орналасқан үйлерге топырақтың шамадан тыс ылғалдануы нәтижесінде жылжып кету қаупі төнеді, деп жазады Egemen.kz.

Яндекс.Метрика