Іс-шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы қатысып, ветеринария саласын дамыту – Мемлекет басшысы жүктеген бағыттардың бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар айтулы шараға қала әкімінің орынбасары Жансұлтан Оңалбаев және ауыл тұрғындары қатысты.
«Мал сою пунктінің іске қосылуы – халық денсаулығын қорғау, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азық-түлік тұрақтылығын сақтау тұрғысынан маңызды қадам. Жаңа талапқа сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарлары арнайы жабдықталған пункттерде сойылып, содан кейін сауда орындарына шығарылуы тиіс. Жаңа нысан жануар иелері үшін де тиімді. Бұл – өнім сапасын арттыруға, заң талаптарын сақтауға мүмкіндік береді», деді Бақытнұр Бақытұлы.
Айта кетейік, облыс аумағында 40 мал сою объектісі жұмыс істейді. Оның ішінде 22 мал сою пункті, 15 алаң және 3 ет өңдеу кәсіпорны бар.