Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, Қапшағай су қоймасының оңтүстік-батыс жағалаудағы 2 гектар аумақты алып жатқан орталық мемлекеттік активтер және сатып алу бөліміне өтеусіз берілді. Теңгерімдік құны – 31 649 000 теңге.
Бүгінде Қонаевта желкенді қайық спорт түрін дамыту жоспарланған. Бұл мақсатта екі жол қарастырылған: бірі – бюджет есебінен нысанды жаңғырту болса, екіншісі – инвесторларды тарту арқылы жұмысты жандандырып, ғимаратты жаңалау. Қазіргі таңда инвесторлардан 5 түрлі жоба түскен.
Қала әкімі Асхат Бердіханов мәселелерді талқылау бағытында инвесторлармен және спортпен айналысатын балалардың ата-аналарымен кездесті.
«Біздің мақсат – балалардың спортпен шұғылдануына ыңғайлы жағдай жасау. Бұған дейін көңіл бөлінбей қалғаны жасырын емес. Желкенді қайық спорты – Қонаев қаласының айнасы болуға лайық спорт түрлерінің бірі», деді ол.
Жиын қорытындысында шаһар басшысы осы түйткілді бақылауға алуды әкім аппаратына тапсырды.
Алматы облысы