Білім • Бүгін, 12:43

Димаш Құдайберген «Алтын белгі» иегеріне ерекше сыйлық жасады

1 мин
оқу үшін

Елордада 16 мыңнан астам оқушы мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қадам басты. Салтанатты іс-шарада №83 мектеп-лицейінің түлегі, «Алтын белгі» иегері Максим Цойға Димаш Құдайберген арнайы сыйлық тарту етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Димаш Құдайберген «Алтын белгі» иегеріне ерекше сыйлық жасады

Фото: Астана қаласының білім басқармасы

Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушы бұған дейін 25 мамырдағы соңғы қоңырау кезінде ұстазымен бірге би билеп, әлеуметтік желіде тараған видеосымен көпшіліктің ықыласына бөленген еді.

Қала әкімдігінің мәліметінше, әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген Максим Цойға арнайы сыйлық ретінде ноутбук тарту еткен.

Димаш Құдайберген туған жерінде жаңа бейнебаян түсіреді

Тосынсый атаулы күнді түлек үшін ерекше әрі есте қаларлық сәтке айналдырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген туған жері Ақтөбеге сапары барысында өзі білім алған №32 мектеп-гимназияға барып, ұстаздарымен және оқушы­лармен кездескен еді. Білім ошағының оқушылары құрметті қонаққа концерттік бағдар­лама дайындап, Димаштың әндерін орындаған болатын.

Соңғы жаңалықтар