Бокс • Бүгін, 12:11

Әлем кубогі: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алды

1 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасының боксшысы Санжар Тәшкенбай Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогі кезеңіндегі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді. Тәшкенбай жарысты ширек финалдан бастап, Қырғызстан өкілі Анваржан Ходжиевпен қолғап түйістірді. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан отандасымызға берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем кубогі: Санжар Тәшкенбай жартылай финалға жолдама алды

Фото: ҰОК

Осылайша Санжар Тәшкенбай турнирдің жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.

World Boxing ұйымының Әлем кубогінің екінші кезеңі 15-21 маусым аралығында өтіп жатыр.

Назым Қызайбай әлем кубогінің екінші кезеңінде есесін қайтарды

Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай – 2023 және 2025 жылдардағы әлем чемпионы. Сондай-ақ ол 2022 жылғы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған.

Әлем кубогі: Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысынан ұтылып қалды

Еске салайық, «Странджа кубогі» кезінде Санжар Тәшкенбай жекпе-жек барысында жарақат алып қалған еді.

Соңғы жаңалықтар