Сауда • Бүгін, 11:40

Алматыда 400-ден аса заңсыз сауда нысаны сүрілді

1 мин
оқу үшін

Алматыда жыл басынан бері 413 заңсыз сауда нысаны сүрілді. Заңсыз сауда нысандарының басым бөлігі «Барахолка» аумағында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 400-ден аса заңсыз сауда нысаны сүрілді

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Қала әкімдігінің мәліметінше, жыл басынан бері шаһарда ретсіз сауданың 45 ошағы анықталған. Онда 1211 адам сауда жасаған.

«Бүгінде олардың 27-сі жойылып, жоспарланған жұмыстың 60 пайызы орындалды. Әзірге жойылмаған сауда орындарының басым бөлігі ірі базарлардың маңында, соның ішінде «Барахолка» аумағында орналасқан. Сонымен қатар мемлекеттік жер қорындағы 516 заңсыз сауда нысаны анықталып, оның 413-і сүрілді. Қалған 103 нысан бойынша тиісті жұмыстар жалғасып жатыр», делінген әкімдік хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласында бірқатар заңсыз салынған дүкендер мен автосервис нысандары сүрілген еді.   

Соңғы жаңалықтар