Оқиға • Кеше

Астанада 11-қабаттан құлаған велосипед баланы басып қала жаздады

1 мин
оқу үшін

Оқиға тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Куәгерлердің айтуынша, велосипед 11-қабаттан төменге құлаған. Бейнебақылау жазбасына сәйкес, бірнеше секунд бұрын ғана бұл жерден кішкентай бала өтіп үлгерген. Абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, деп жазады Egemen.kz.

Астанада 11-қабаттан құлаған велосипед баланы басып қала жаздады

Оқиғадан кейін полиция қызметкерлері жағдайға қатысы болуы мүмкін кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерін анықтады.

Тәртіп сақшылары ата-аналарға немесе заңды өкілдерге қатысты баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырған.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырып, көпқабатты үйлердің терезелері мен балкондарына балалардың ойыншықтары мен басқа да заттарды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертті.

Бұған дейін Алматы қаласындағы «Ырысты» тұрғын үй кешенінің ауласында белгісіз біреу балконнан ішінде темір заттары бар бөтелкені төменге лақтырғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар