Экономика • Кеше

Қазақстан бидай импортына қайтадан шектеу енгізбек

1 мин
оқу үшін

Қазақстан шетелден бидай әкелуге қайтадан шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан бидай импортына қайтадан шектеу енгізбек

Құжатқа сәйкес, бидайды автомобиль, теміржол және су көлігі арқылы импорттауға алты ай мерзімге тыйым салу ұсынылған.

Шектеу Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден, сондай-ақ басқа елдерден жеткізілетін бидайға да қатысты болады.

Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді

Сонымен қатар бірқатар ерекшеліктер қарастырылған. Теміржол арқылы бидайды құс фабрикалары, ұн тарту кәсіпорындары, лицензияланған элеваторлар және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы импорттай алады.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:10

Жеті вагонды сүйреген жігіт

Рекорд • Бүгін, 09:05