Спорт • Кеше

Түркістанда ескек есуден жазғы Қазақстан чемпионаты басталды

1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласындағы халықаралық есу арнасында байдарка мен каноэде ескек есуден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістанда ескек есуден жазғы Қазақстан чемпионаты басталды

Осы жарыс күзде Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына қорытынды іріктеу сайысы саналады.

Осы жарысқа еліміздің 11 өңірінен 130-ға жуық ескек есу шебері қатысып жатыр. Бүгін жарыстың алғашқы күні 1000 метрге жарыстар өтті.

«Нагоя қаласы қабылдайтын сары құрлық ойындарында байдарка мен каноэде ескек есуден 12 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Алайда әр команда тек 10 дисциплинада ғана спортшы қоса алады. Сонымен қатар Жапонияда 1000 метрге жарыс өтпейді. Тек қысқа қашықтықтарда жүлде сарапқа салынады. Сол себепті чемпионаттың алдағы күндері өте тартысты өтейін деп тұр», дейді Ұлттық құраманың бас бапкері Қайсар Нұрмағамбетов.

Түркістандағы жазғы Қазақстан чемпионаты 21 маусымда мәресіне жетеді.

Азия ойындары: Байдарка және каноэ есуден финалға 3 жолдама бар

Соңғы жаңалықтар