Оқиға • Кеше

Ақсу қаласындағы зауыт аумағынан өрт шықты

1 мин
оқу үшін

Ақсу қаласында зауыттардың бірінде трансформатордан өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, Egemen.kz.

Ақсу қаласындағы зауыт аумағынан өрт шықты

Фото: ТЖМ/ ЖИ-мен өңделген

Өрттің салдарынан салқындатқыш май төгіліп, жалынның жақын орналасқан өндірістік учаскелерге таралу қаупі туындаған.

Министрліктің мәліметінше, өрт аумағы шамамен 40 шаршы метрді құраған. Оқыс жағдайдан зардап шеккендер жоқ.

«Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ бөлімшелері келгеннен кейін 12 метр биіктікте трансформатордың жанып жатқаны анықталды. Өрт орнында өрт сөндіру жедел штабы құрылды. Өртті сөндіруге әуе-механикалық көбік және жақын орналасқан нысандарды қорғау мен салқындату үшін су оқпандары берілді» делінген хабарламада.

Алматыда трансформатор өртенді

Еске салайық, бұған дейін Ақсу қаласында газ баллоны жарылып, үш адам зардап шеккен еді. Қайғылы оқиға жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде болған.

Соңғы жаңалықтар