Жаңа талаптарға сәйкес, көлікті арнайы белгіленбеген орындарға қоюға тікелей тыйым салынады, ал ережені бұзғандарға 1,2 млн теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.
Көлікті қай жерлерге қоюға болмайды?
Жаңа қағида бойынша тұрғын үй аулаларында көлік тұрағына тыйым салынған орындар нақты көрсетілген:
- тротуарлар
- балалар және спорт алаңдары
- жасыл желек егілген аумақтар мен көгалдар
- қоқыс контейнерлері орналасқан алаңдар және олардың маңы
- көлік қоюға арналмаған кез келген басқа жерлер