Оқиға • Бүгін, 12:38

Астанадағы жаппай төбелеске қатысты тергеу басталды

1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде Астанадағы Сарыарқа ауданында болған жаппай төбелестің бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанадағы жаппай төбелеске қатысты тергеу басталды

Фото: Бейнежазбадан

Видеода жастардың екі топқа бөлініп, бір-біріне күш қолданғаны байқалады. Сондай-ақ бірнеше адамның аяусыз соққыға жығылғаны көрінеді.

Жаппай төбелес: Алматыдағы екі жасөспірімнің өлімінен кейін қылмыстық іс қозғалды

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиғаға қатысқан тұлғаларды анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

«Аталған дерек бойынша Сарыарқа аудандық полиция басқармасы бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтау қаласындағы айлақтардың бірінде жаппай төбелес болған болатын. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар