Сауда қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны бір баррель үшін 84 доллардан төмен түссе, WTI маркасының бағасы 81 долларға дейін арзандады.
Келісім туралы жаңалық Азия қор биржаларында оң серпін туғызды. Атап айтқанда, Жапонияның Nikkei индексі 3,5 пайызға өссе, Оңтүстік Кореяның KOSPI индексі 5 пайыздан астам жоғарылады.
Сарапшылардың пікірінше, энергия тасымалдаушылары бағасының төмендеуі әлемдік экономикадағы инфляциялық қысымды бәсеңдетуі мүмкін. Дегенмен Иран мұнайының әлемдік нарыққа бұрынғы көлемде қайта оралуы белгілі бір уақытты қажет етеді.
Каспий құбыр консорциумы мұнай тасымалын рекордтық деңгейге жеткізді
Айта кетейік, бұған дейін Иран мен АҚШ келіссөздерінің тоқтауы мұнай бағасын күрт өсірген болатын.
Ал ОПЕК+ елдері шілдеден бастап мұнай өндіру көлемін арттырады.