Фото: kris_p_almata
Кінәлі сотта шартты жазаға үміт артпайтынын айтып, болған жағдай үшін толық жауапкершілік арқалауға дайын екенін жеткізді.
«Мен жасаған ісім үшін толық жауап беруге дайынмын. Бұл – үлкен трагедия, заңға сәйкес жазамды өтеуге дайынмын», деді ол.
Айыпталушы сондай-ақ марқұмдардың туыстарына көңіл айтып, БАҚ өкілдерінен олардың жеке өміріне қысым жасамауды сұрады. Оның айтуынша, апатқа дейін көлікте техникалық ақау байқалған.
«Әл-Фараби даңғылына жақындағанда бірнеше ескерту шамы жанды. Кейін олар қайта өшіп қалды», деді Александр Пак.
Сондай ақ сотта куәгер ретінде шақырылған полиция қызметкері Әсет Жақсылықов адвокатының қатысуынсыз жауап бермейтінін айтты. Судья бұл оның заңды құқығы екенін түсіндіріп, жауап алуды кейінге қалдырды.
Айта кетейік, қайғылы жол апаты 21 наурызда Әл-Фараби даңғылында болды. Тергеу деректеріне сәйкес, Zeekr көлігін басқарған Александр Пак қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан үш адам қаза тапты.
Бұған дейінгі сот отырысында екі жәбірленуші тарапайыпталушыны кешіргенін және оған ешқандай шағымы жоқ екенін айтқан болатын.