Аймақтар • 14 Маусым, 2026

Көкшетауда өртеніп жатқан үйден 3 газ баллоны шығарылды

1 мин
оқу үшін

Бүгін таңертең Көкшетау қаласында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Құтқарушылар үйден 3 газ баллонын шығарып, жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкшетауда өртеніп жатқан үйден 3 газ баллоны шығарылды

Фото: ТЖМ

Оқиға орнына дереу жеткен бөлімшелер ашық жалынды байқаған. Өрт сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері көлемі 27 литрден болатын 3 газ баллонын үйден шығарып, жарылыстың алдын алған.

«Құтқарушылардың үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің нәтижесінде өрт толық сөндіріліп, жалынның көрші ғимараттарға таралуына жол берілмеді. Өрттің жалпы ауданы 168 шаршы метрді құрады», делінген ТЖМ хабарламасында.

Атыраудағы ойын-сауық саябағында өрт шықты

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Семейде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Еске салайық, кеше Көкшетау қаласында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Оқыс оқиғаға найзағайдың түсуі себеп болған еді.

Соңғы жаңалықтар

Әділет – тұрақты даму өлшемі

Партия • Бүгін, 07:55

Санаткер туралы жинақтар

Қоғам • Бүгін, 07:50