Қоғам • Бүгін, 07:50

Санаткер туралы жинақтар

2 мин
оқу үшін

Ақын, ғалым, қоғам қай­рат­кері Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы туралы бес кітап жарық көрді. Еңбектерді даярлаған – белгілі журналист Ескендір Ертай. Жинақтың таныстырылы­мы ақынның 90 жылдығына арналған халықаралық форум аясында өтті.

Санаткер туралы жинақтар

Олжас Сүлейменов туралы «Олжас – Он молодой» атты еңбек 2016 жылы жарық көрген еді. Кейін бұл ізденіс жалғасып, жаңа кітаптармен толықты. Ақынның 90 жылдық мерейто­йына орай жарық көрген «Өсіріс заңы» мен «Жер әлемінің Елшісі» кітабының тұсауы Алматыда өткен халықаралық форум барысында кесілді.

Көрнекті ақын, қоғам қайрат­кері әрі «Невада–Семей» халық­ара­лық антиядролық қозғалыс көшбасшысы Олжас Сүлейменов­тің мерейтойына арналған «Өз жері­нің елшісі» атты VII халық­ара­лық Еуразия мәдениет­терін жа­қын­дастыру форумына Қазақстан­­мен бірге Франция, Ресей, Түркия, Әзер­байжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай мен АҚШ сынды елдердің мәдениет, ғылым мен әдебиет өкілдері қатысты.

Форумның пленарлық отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерейтой иесіне жолдаған құттықтауын жеткізді.

«Олжас Сүлейменовтің өмір жолы – Отанға адалдықтың, жоғары азаматтық ұстанымның және жалпыадамзаттық құнды­лықтарға беріктіктің жарқын үлгісі. Оның шығар­машылығы қазақ әдебиетінің ғана емес, әлемдік руханияттың да маңызды құбылысына айналды», делінген құттықтауда.

«Қазақ оқырманына Олжас Сүлейменовтің болмысын кеңі­нен таныстырғым келді. Оның ғаламдық ойлау жүйесі, адамзат тарихы мен болашағына қатысты пайымдары қызықтырды. Әсіресе «Өсіріс заңы» еңбегіндегі тың көзқарастар ерекше әсер етті», дейді аудармашы Ескендір Ертай.

Қаламгердің айтуынша, «Бай­тақ» партиясының Олжас Сүлейменовті Нобель сыйлығына ұсыну бастамасын қолдау мақса­тын­да кезекті жинаққа «Жер әлемі­нің Елшісі» деген атау берілген.

Олжас Омарұлының шығар­ма­шылық және қоғамдық қызметін насихаттауға үлес қосып жүрген Ескендір Ертай түркі дүниесі кеңістігін нығайтуға атсалысқан әріптестеріне алғыс айтып, барша журналист қауымын кәсіби мерекемен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар