Спорт • Кеше

Марокко мен Бразилия жеңімпазды анықтай алмады

1 мин
оқу үшін

Бразилия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы матчында жеңіске жете алмады, деп хабарлайды Egemen.kz

Марокко мен Бразилия жеңімпазды анықтай алмады

С тобындағы Мароккоға қарсы өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Матч тартысты өтіп, қауіпті сәттерге толы болды.

Есепті алғаш болып марокколықтар ашты. 21-минутта Исмаэль Сайбари қарсылас қақпасына қарай жеке дара шығып, Алиссонды әдемі соққымен алдап өтіп, командасын алға шығарды. Бразилиялықтар бұған бірінші таймның өзінде жауап қайтарды. 32-минутта Винисиус Жуниор ойынды өз қолына алып, қапталдан айып алаңына қарай ойысып, дәл соққымен таразы басын теңестірді.

Үзілістен кейін екі құрама да жеңіс голын соғуға ұмтылды. Алайда қақпашылар мен қорғаушылар сенімді ойын көрсетіп, қарсыластарға мүмкіндік бермеді. Қорыытынды есеп 1:1.

Осылайша, Бразилия мен Марокко турнирді бір ұпайдан бастап отыр. Сондай-ақ С тобында Гаити мен Шотландия құрамалары өнер көрсетеді.

Екінші турда Бразилия 20 маусым күні Астана уақытымен сағат 05:30-да Гаитимен кездеседі. Ал Марокко Шотландияға қарсы ойнайды. Бұл матч Астана уақытымен сағат 03:00-де басталады.

Футболдан әлем чемпионаты-2026: Ойындардың толық кестесі мен уақыты

Соңғы жаңалықтар