Спорт • 13 Маусым, 2026

Instagram-дағы парақшасын жапқан Рыбакина қайта оралды

1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші ракеткасы, Елена Рыбакина Instagram желісіндегі жеке парақшасын қайта қалпына келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазір Рыбакинаның аккаунты барлық қолданушылар үшін қайтадан ашық.

Instagram-дағы парақшасын жапқан Рыбакина қайта оралды

 

Бұған дейін Қазақстанның үздік теннисшісі ағылшын ойыншысы Кэти Бултерден жеңіліс тапқаннан кейін Instagram-дағы парақшасын өшіріп тастаған еді. БАҚ мәліметінше, мұндай шешім қабылдауға спортшының турнирден шығып қалғаннан кейін әлеуметтік желілерде көптеп келген қорлау сөздері мен қоқан-лоқы хабарламалары себеп болған.

Айта кетейік, 12 маусым күні бүкіл әлем бойынша Instagram және Facebook платформаларының жұмысында жаппай ақау тіркелді. Қолданушылар тарапынан қосымшалардың жұмысы мен жүктелуінде қиындықтар болғанын хабарлаған едік. 

Еске салсақ, Лондонда өткен турнирдің ширек финалында Елена Рыбакина британиялық теннисшіге үш сет қорытындысы бойынша 5:7, 6:2, 4:6 есебімен есе жіберді.

Сондай-ақ, 21-27 маусым аралығында Рыбакина Германияның Бад-Хомбург қаласында өтетін WTA 500 санатындағы турнирде өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл жарыс оның алдындағы соңғы маңызды сындардың бірі болмақ. Уимблдон турнирі де жақындап келеді.

 
 
Соңғы жаңалықтар

Әділет – тұрақты даму өлшемі

Партия • Бүгін, 07:55

Санаткер туралы жинақтар

Қоғам • Бүгін, 07:50