Әлем • Кеше

Meta сервистері істен шықты: Желі пайдаланушылар жаппай шағымдануда

1 мин
оқу үшін

Facebook, Instagram және WhatsApp пайдаланушылары әлем бойынша сервистердің жұмысындағы ақауларға шағымдануда, деп хабарлайды Egemen.kz

Meta сервистері істен шықты: Желі пайдаланушылар жаппай шағымдануда

Фото: istockphoto.com

Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінің, сондай-ақ WhatsApp пен Messenger (бәрі де Meta компаниясына тиесілі) пайдаланушылары сервистердің жұмысында ақаулар пайда болғанын хабарлады.

Бұл туралы Downdetector сервисінің деректері көрсетіп отыр.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің жұмысындағы мәселелер туралы әлемнің түкпір-түкпіріндегі пайдаланушылар хабарлаған. Қазақстанда да сервистердің жұмысында іркілістер байқалған.

Пайдаланушылар көбінесе әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің веб-нұсқасына кіре алмау, аккаунттардан күтпеген жерден шығып кету, жаңалықтар таспасын жаңарта алмау және жаңа жазба жариялау мүмкін еместігіне шағымдануда.

Meta компаниясының өкілі Энди Стоун X әлеуметтік желісінде компанияның сервистерге қолжетімділікке қатысты мәселелерден хабардар екенін және оларды жою бағытында жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

«Біз қайта оралып жатырмыз, Дегенмен барлық сервистің толық қалпына келуі үшін біраз уақыт қажет болуы мүмкін», деп жазды Энди Стоун. 

Малайзияда балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салынды

Соңғы жаңалықтар