Неслихан Өзтүрік әкесінің мұрасын тек ірі қалаларда ғана емес, басқа да өңірлерде көрсету маңызды деп санайды.
Ең үздік таеквондошыға «Мұстафа Өзтүрік жүлдесі» беріледі
«Аллаға шүкір, еліміз үлкен, жолымыз да алыс. Сол себепті әр адамның Астанаға немесе Алматыға барып, әкем Мұстафа Өзтүріктің тарихи заттарын көруге мүмкіндігі бола бермейді деп ойлаймын. Қазақстанның басқа аймақтарындағы халық пен келешек ұрпақ та бұл мұраны өз көздерімен көріп, одан рух, күш пен шабыт алғысы келеді деп ойлаймын. Қазақстан бойынша көшпелі көрме жасау жақсы шешім болар еді. Мен үшін халықтың пікірі өте маңызды. Сіздер қалай ойлайсыздар? Қай қалаларда көргіңіз келеді?», деп жазды Неслихан Өзтүрік.
Айта кетейік, бұған дейін Таеквондо федерациясының президенті Құдырет Шәмиев Мұстафа Өзтүрік туралы көркем фильмнің түсірілімі басталатынын мәлімдеген еді.