Фото: Казспорт
Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамасы арасындағы кездесу 2:0 есебімен Мексика командасының жеңісімен аяқталды.
Мексика сапынанан Хулиан Киньонес пен Хименес гол соқты.
Ал оңтүстік африка ойыншылары қажетсіз жерде ереже бұзып, ойын барысында екі бірдей футболшысы қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Кездесудің 92-ші минутында Мексика құрамасының футболшысы екінші ескертуін алып, ойыннан тыс қалды. Бірақ бұл алаң иелерінің нәтижесіне еш әсер еткен жоқ. Толық құрамда тегеурінді қарсылық көрсете алмаған ОАР командасы, тоғыз ойыншымен Мексикаға ештеңе істей алмады.
Осылайша А тобында Мексика құрамасы алғашқы үш ұпайды иеленіп, алға шықты. Енді осы топтағы Оңтүстік Корея мен Чехия құрамасы өзара бақ сынайды. Қос қарсылас арасындағы ойын Астана уақыты бойынша таңертеңгі сағат 7:00-де басталады.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Mексика аумағында өтеді. Турнир 20 шілдеге дейін жалғасады.