Әлем • Кеше

Әлем чемпионаты қарсаңында Мексикада бес полицей қаза тапты

1 мин
оқу үшін

Мексиканың Мичоакан штатында белгісіз қарулы адамдар полиция патруліне оқ жаудырды. Салдарынан бес полиция қызметкері қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Әлем чемпионаты қарсаңында Мексикада бес полицей қаза тапты

Фото: delfi.lt

Билік өкілдерінің мәліметінше, шабуыл жасағандар оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір оларды ұстау бойынша арнайы операция басталды.

Сондай-ақ құқық қорғау органдары шабуылға қылмыстық топтардың қатысы болуы мүмкін деген нұсқаны тексеріп жатыр.

Оқиғаға қарамастан, билік өкілдері 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты кезінде қауіпсіздік толық қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар