Сенат бүгін әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіруге бағытталған бірқатар заңнамалық өзгерістерді қабылдады. Жаңа заңға сәйкес, шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жатқан офицердің үш жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста болған уақыты міндетті қызмет мерзіміне есептелмейді.
Вице-министрдің айтуынша, егер әскери қызметші бала күтіміне байланысты демалысқа шықса, оның қызмет уақыты уақытша тоқтатылады. Демалыс аяқталғаннан кейін ол қалған қызмет мерзімін қайта жалғастырып өтейді. Мысалы, офицер алты ай қызмет етіп, кейін декретке шықса, оған қалған 18 ай қызметін аяқтау міндеттеледі.
Демалыста жұмысқа жеккен: Алматыда офицер бағынушысына күш қолданғаны үшін сотталды
Қазіргі таңда елде 42 офицер декреттік демалыста жүр. Олар әскери оқу орындарын бітіріп, әскери кафедрада дайындықтан өткеннен кейін екі жылдық қызметке жіберілген мамандар.
Министрлік өкілі жаңа заңның кері күші жоқтығын ерекше атап өтті.