Қоғам • Кеше

Петропавл – Алматы рейсінде тәртіп бұзған зейнеткер жауапқа тартылды

1 мин
оқу үшін

Петропавл – Алматы бағыты бойынша ұшқан әуе рейсінің 63 жастағы жолаушысы қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавл – Алматы рейсінде тәртіп бұзған зейнеткер жауапқа тартылды

Фото: istockphoto.com

Көліктегі полицияның мәліметінше, ұшақ қонғаннан кейін әуе компаниясының өкілдері ер адамды Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне тапсырған.

Құқық қорғау органдарының дерегіне сәйкес, Алматы қаласының тұрғыны ұшақ бортында мас күйде болған, экипаж мүшелерінің талаптарына бағынбаған, балағат сөздер айтып, басқа жолаушыларға қолайсыздық тудырған.

Атырау облысында бұзақылық дерегімен 121 адамға сот үкімі шықты

Ер адамға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің үш бабы: қоғамдық орынға мас күйінде келу, әуе кемесінде тәртіп ережелерін бұзу және ұсақ бұзақылығы үшін әкімшілік іс қозғалды.

Ұсақ бұзақылық ісі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды.

Айта кетейік, Астана қаласының прокуратурасы жол қозғалысы ережелерін жүйелі әрі өрескел бұзатын жүргізушілерге қатысты жауапкершіліктің қатаңдатылғанын мәлімдеді. Енді агрессивті жүргізу мен қауіпті маневр жасау тек айыппұлмен шектелмей, «ұсақ бұзақылық» ретінде бағаланып, жүргізушіні 15 тәулікке дейін қамауға алуға негіз болады.

Соңғы жаңалықтар