Шахмат • Бүгін, 17:45

Министрлік Бибісара Асаубаеваның шағымына қатысты түсініктеме берді

2 мин
оқу үшін

Шахматшы Бибісара Асаубаеваның қаржыландыруға қатысты Президентке жолдаған үндеуінен кейін Туризм және спорт министрлігі спортшыға қатысты жайтқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрлік Бибісара Асаубаеваның шағымына қатысты түсініктеме берді

Фото: Қазақстан шахмат федерациясы

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Бибісара Асаубаеваға бөлінетін қаржы жыл сайын артып отырғанын атап өтті. 

«Егер тек Спорт және туризмді қолдау қоры арқылы қарасақ, 2024 жылы халықаралық жарыстарға дайындыққа 64 млн теңге бөлінді. 2025 жылы бұл сома 79 млн теңгеге жетті, ал 2026 жылы 100 млн теңге болды. Яғни қаржыландыруда өсім бар», деді ол.

Михаил Шайдоровқа қатысты жағдай: Вице-министр мәлімдеме жасады

Сондай-ақ вице-министр Қазақстан шахмат федерациясы да қосымша қолдау көрсетіп отырғанын атап өтіп, спортшының мемлекет тарапынан төлемдердің азаюына қатысты шағымына да жауап берілді.

«2023-2024 жылдары ол Спортты дамыту дирекциясы арқылы шахматшы шамамен 1 млн теңге көлемінде жалақы алып келді. 2025 жылы қабылданған заңға сәйкес басым спорт түрлері бекітілді. Шахмат бұл тізімге кірмеді, себебі ол олимпиадалық кешенді спорт түрлеріне жатпайды», деді Серік Жарасбаев.

Бұған дейін Президент жарлығымен Бибісара Асаубаеваға II дәрежелі «Барыс» ордені берілген болатын. Алайда марапат әлі табысталмаған. Министрлік өкілінің айтуынша, бұл мәселе спортшының тығыз жарыс кестесіне байланысты кейінге шегерілген. Серік Жарасбаев орденді табыстау рәсімі спортшы кестесіне қарай белгіленетінін жеткізді.

Бибісара Асаубаева Norway Chess турнирінің жеңімпазы атанды

Еске сала кетейік, бұған дейін халықаралық гроссмейстер Бибісара Асаубаева жалақысының 3 есеге қысқарып, жарыстардың шығынын өз қаражаты есебінен төлегенін айтып Президентке үндеу жолдаған болатын. Сондай-ақ ол II дәрежелі «Барыс» орденін алуға тиіс болса да, марапаттау рәсімінің бірнеше рет кейінге шегерілуіне байланысты оны әлі ала алмағанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар