Қоғам • Бүгін, 17:30

Артур Ластаев: Қыз алып қашу − құқыққа қайшы әрекет

2 мин
оқу үшін

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Парламент Мәжілісінде өткен сталкинг пен қыз алып қашуға қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында өрбіген пікірталасқа қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Артур Ластаев: Қыз алып қашу − құқыққа қайшы әрекет

Фото: Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

«Өткен жылдың күзінде қыз алып қашу әрекеті үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін заң күшіне енді. Біз бұл мәселені 2023 жылдан бастап көтеріп келеміз, сондай-ақ сараптамалық және түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргіздік. Ең алдымен, айқын жайтты атап өткен жөн. Адам ұрлаудың кез келген түрі заң талаптарын өрескел бұзу болып саналады. Бұл құқыққа қайшы әрекет мәдениетке, ұлттық дәстүрлерге, отбасылық немесе кез келген өзге де өмірлік мән-жайларға сілтеме жасау арқылы ешқандай ерекшелік ретінде танылмайды және ақтауға жатпайды», деді Артур Ластаев. 

«Қыз алып қашу» – ауыр қылмыс

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адам ұрлау Қылмыстық кодексінің 125-бабына сәйкес 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қатаң жазаға әкеп соғатынын еске салды. Сондай-ақ ол бұл қылмыстың қазақ халқының дәстүрлеріне де, әдет-ғұрып құқығына да ешқандай қатысы жоқ екенін айтты.

«Неке ұғымы Қазақстан Республикасының Конституциясында «мемлекет белгілеген тәртіппен тіркелген ер мен әйелдің ерікті және тең құқықты одағы» ретінде бекітілген. Бұл норманың өзге түрде түсіндірілуіне жол берілмейді. Егер екі кәмелетке толған азамат отбасы құру туралы шешім қабылдап, ата-анасының үйінен бөлек шықса, заң оларға бірлескен өмір сүру құқығын жүзеге асырудың заңды жолын уәкілетті органда қатынастарын тіркеу арқылы ұсынады», деді ол.

Қыз алып қашу заңмен қудаланады

Артур Ластаев пікір соңында ел азаматтарын Конституция мен өзге де заңдардың талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар

Ел рекорды жаңарды

Спорт • Бүгін, 20:51