Спорт • Бүгін, 19:37

Семей қаласындағы «Спартак» стадионы УЕФА-ның екінші санатын алды

1 мин
оқу үшін

2026 жылғы 19 сәуірде жүргізілген инспекция қорытындысы бойынша Семей қаласындағы «Спартак» стадионына УЕФА-ның екінші санаты берілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Семей қаласындағы «Спартак» стадионы УЕФА-ның екінші санатын алды

Осылайша, стадион УЕФА Конференциялар лигасының бірінші және екінші іріктеу кезеңдерінің матчтарын өткізуге рұқсат алды.

Тексеру нәтижесінде арена УЕФА-ның екінші санатына қойылатын талаптарға сәйкес келетіні расталды. Дегенмен бірнеше ескертулерді ретке келтіру үшін қосымша уақыт берілді.

Астанадағы Мұңайтпасов атындағы стадион 4 маусымда ашылады

Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі жанкүйерлерге арналған көру аймақтарының қолжетімділігін жақсарту, командалардың бой қыздыратын аймақтарын жабдықтау, стадион аумағын құрылыс қалдықтары мен тастардан тазарту, жекелеген баспалдақ өткелдерін қайта бетондау, сондай-ақ санитарлық тораптар санын белгіленген нормативке дейін арттыру ұсынылды.

«Қайсар» стадионы УЕФА тарапынан жоғары бағаланды

УЕФА-ның екінші санатын алу «Спартак» стадионының халықаралық деңгейдегі матчтарды қабылдау мүмкіндігін кеңейтеді.

Соңғы жаңалықтар