Тергеу мәліметінше, күдікті ретінде сол ауданның тұрғыны анықталып, сот санкциясымен қамауға алынған.
Облыстық полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асылбек Бексейітовтің айтуынша, қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
«Күдікті ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Қазір қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары жарияланбайды», деді ол.
Құқық қорғау органдары істің барлық жағдайын жан-жақты зерделеп жатқанын мәлімдеді.
Бұған дейін Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жастағы қыздың мәйіті табылғанын жазған едік.