Экономика • Бүгін, 15:12

ОПЕК+ елдері шілдеден бастап мұнай өндіру көлемін арттырады

1 мин
оқу үшін

ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлемін тәулігіне 188 мың баррельге арттыру туралы шешім қабылдады. Жаңа өзгерістер 2026 жылдың шілде айынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ОПЕК+ елдері шілдеден бастап мұнай өндіру көлемін арттырады

Фото: istockphoto.com

Қабылданған шешімге сәйкес, мұнай өндірудің жаңа көрсеткіштері төмендегідей болмақ:

  • Қазақстан – тәулігіне 1,608 миллион баррель;
  • Сауд Арабиясы – тәулігіне 10,353 миллион баррель;
  • Ресей – тәулігіне 9,824 миллион баррель.

Ұйымның мәлімдемесінде қатысушы елдер мұнай нарығындағы жағдайды бақылауды жалғастыратынын, қажет болған жағдайда қабылданған шешімдерді қайта қарауы мүмкін екені айтылған.

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді

Айта кетейік, Қазақстанда мұнай өндіру көлемі соңғы жылдары айтарлықтай өсті. Егер 2010 жылы елде шамамен 80 млн тонна мұнай өндірілсе, бүгінде бұл көрсеткіш 100 млн тоннаға жуықтаған. Әсіресе Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарының дамуы өндіріс көлемінің артуына ықпал етті.

 Еске сала кетейік, бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ОПЕК-тегі өзгерістердің ел экономикасына айтарлықтай әсер ете қоймайтынын атап өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар