Жасанды интеллект • Бүгін, 16:58

Жасанды интеллект: Қазақстанда 50 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін

1 мин
оқу үшін

2035 жылға қарай Қазақстанда 14 мамандық жойылып кетуі мүмкін. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық форум аясында өткен еңбек нарығына арналған сессияда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жасанды интеллект: Қазақстанда 50 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін

Фото: ашық дереккөз

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда бұл салаларда шамамен 50 мың адам жұмыс істейді. Бұл – елдегі еңбек нарығының 0,5 пайыздан астамы.

Жойылу қаупі жоғары мамандықтардың қатарында:
– мәтін терушілер,
– корректорлар мен стенографистер,
– call-орталық операторлары,
– деректер енгізу қызметкерлері бар.

Әлемде жасанды интеллектіні қолдану қарқыны артып келеді: Қазақстан қай орында?

Ведомство басшысы мұндай мамандықтардың біртіндеп толық автоматтандырылатынын айтты. Яғни олардың жұмысын арнайы бағдарламалар мен жасанды интеллект атқара бастайды.

Мамандық таңдау: Түлектер нені ескеруі керек?

Цифрландыру мен жасанды интеллектінің дамуы еңбек нарығын түбегейлі өзгертіп жатыр. Алдағы жылдары қарапайым қайталанатын жұмыстар азайып, керісінше технологиямен жұмыс істей алатын мамандарға сұраныс арта түспек.

Соңғы жаңалықтар