Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:27

Атырауда оқушылар арасында жаппай төбелес болды: Балалар түгел есепке алынды

1 мин
оқу үшін

Атырау облысының Жылыой ауданындағы жасөспірімдердің төбелесі видеоға түсірілген. Оқиға сәуір айында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда оқушылар арасында жаппай төбелес болды: Балалар түгел есепке алынды

Фото: www.belnovosti.by

Өңірлік полиция департаментінің мәлімдеуінше, төбелеске қатысушылардың барлығы анықталған. Заңға қайшы әрекетке қатысқандар (13-14 жастағылар) заңды өкілдерімен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Жаппай төбелес: Алматыдағы екі жасөспірімнің өлімінен кейін қылмыстық іс қозғалды

Жасөспірімдер профилактикалық есепке алынды. Жинақталған іс материалдары кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды.

Сонымен қатар олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұған дейін Таразда жоғары сынып оқушылары арасындағы жаппай төбелес видеоға түсіп, әлеуметтік желіде кең тарағанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар