Оқиға • Бүгін, 10:10

FlyArystan ұшағы құспен соқтығысқан: Астана – Шымкент бағытындағы рейс кешіктірілді

1 мин
оқу үшін

FlyArystan әуе компаниясының Астана – Шымкент бағыты бойынша рейсі құстардың әуе кемесімен соқтығысуына байланысты кешіктірілді, деп хабарлайды Egemen.kz тасымалдаушының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

FlyArystan ұшағы құспен соқтығысқан: Астана – Шымкент бағытындағы рейс кешіктірілді

Мәліметке сәйкес, 23 мамыр күні болған оқиғадан кейін ұшақтың зақымдану деңгейіне тексеру жүргізілген. Кейін рейсті орындау үшін басқа әуе кемесі берілді. Жолаушыларға су мен тамақ ұсынылған.

FS7309 рейсі кесте бойынша 23 мамыр күні сағат 19:40-та ұшуы тиіс болған. Алайда ұшақ іс жүзінде 24 мамыр күні сағат 00:09-да әуеге көтерілді.

Әуе компаниясы жолаушылар мен экипаж қауіпсіздігі басты назарда екенін атап өтті.

Еске салайық, Ақтау маңындағы ұшақ апатында қаза тапқандардың туыстарына өтемақы төленді.

Соңғы жаңалықтар

Құнды қазынаның жоқшысы

Әдебиет • Бүгін, 09:38