Әлем • Бүгін, 09:12

Путин мен Си Цзиньпиннің кездесуінде қандай мәлімдеме жасалды?

1 мин
оқу үшін

Ресей президенті Владимир Путин Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжіңге барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Путин мен Си Цзиньпиннің кездесуінде қандай мәлімдеме жасалды?

Фото: Синьхуа

Бұл – оның Қытайға жасаған 25-сапары.

Биыл Қытай-Ресей серіктестік және стратегиялық өзара іс-қимыл қатынастарының орнағанына 30 жыл, сондай-ақ ҚХР мен РФ арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 25 жыл толып отыр.

Қытай БАҚ-тары Си Цзиньпин мен Тоқаев кездесуін қалай бағалады: сенім, символизм және жаңа келісімдер

«Бір күн көріспесек те, үш күз өткендей болады». Владимир Путин келіссөздер барысында Си Цзиньпинді қарсы алып, қытай мақалын келтірді.

Оның айтуынша, қазіргі жаһандық дағдарыстар кезеңінде Мәскеу мен Бейжің арасындағы байланыс ерекше маңызды болып, екіжақты ынтымақтастық жақсы қарқын көрсетіп отыр. Мысалы, ширек ғасыр ішінде Ресей мен Қытай арасындағы тауар айналымы 30 есеге артқан.

Си Цзиньпин Қытай мен Ресей жан-жақты стратегиялық өзара іс-қимылды және оның сапасын жаңа деңгейге көтеру арқылы ұлттық жаңғыруға қол жеткізуі, сондай-ақ анағұрлым әділ әрі ұтымды жаһандық басқару жүйесін құруы қажет екенін айтты.

Владимир Путин де, Си Цзиньпин сияқты, сұхбаттасын «қымбатты досым» деп атап, оны 2027 жылы Мәскеуге шақырды.

Трамп Си Цзиньпинді Вашингтонға шақырды

Айта кетейік, бұған дейін Си Цзиньпин Бейжіңде АҚШ президенті Дональд Трампты салтанатты түрде қабылдаған болатын.

Соңғы жаңалықтар