Фото: Ашық дереккөз
Қайғылы оқиға 28 қаңтар күні болған. Әйел төсекке таңылған анасына дәрі алу үшін емханаға бара жатқан кезде күдікті оған шабуыл жасаған. Ер адамды ұстау кезінде ол полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткендіктен, тәртіп сақшылары қызметтік қару қолдануға мәжбүр болған.
Сот шешімімен айыпталушы мамандандырылған психиатриялық мекемеде мәжбүрлі ем қабылдайтын болды. Іске төрағалық еткен судья Бақытжан Түналиев қылмыс жасалған сәтте ер адамның ауыр психикалық жағдайда болғанын айтты. Оған эпизодтық ағымдағы параноидты шизофрения диагнозы қойылған.
Судьяның айтуынша, денсаулық жағдайына байланысты ол өз әрекетіне жауап бере алмайды және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Белгілі болғандай, күдікті бұған дейін екі рет сотталған. Ал 2022 жылы оған шизофрения диагнозы қойылған.
Марқұм әйелден екі бала қалған. Оның туыстары сот шешіміне шағым түсірмеген.
Еске салайық, Шымкентте 23 жастағы қыз уақытша ұстау изоляторында көз жұмды.
Сондай-ақ Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кеткенін хабарлаған едік.