Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:07

Өз әйелін қағып өлтірген: Күдікті полиция қызметкері болуы мүмкін

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желілерде Алматы облысы Балқаш ауданында болған қайғылы оқиға туралы ақпарат тарап жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша полиция бөлімі басшысының орынбасары қызметтік көлікпен өз жұбайын қағып өлтірген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өз әйелін қағып өлтірген: Күдікті полиция қызметкері болуы мүмкін

Фото: Ашық дереккөз

Алматы облыстық полиция департаменті адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы фактісін растады, алайда күдіктінің жеке басы ресми түрде жария етілмеген. Күдікті ретінде 37 жастағы ер адам ұсталған.

«Оқиға салдарынан әйел адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр», деп толықтырды ведомство.

Сонымен қатар департамент тергеу облыстық полиция басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Құқық қорғау органдары күдіктінің полиция қызметкері екені жөніндегі әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты растамады да, жоққа да шығармады.

Ақтауда полиция көлігі бір жарым жасар баланы қағып кетті

Ведомствоның айтуынша, өзге ақпараттар ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Оқиға 16 мамырда Балқаш ауданы Бақбақты ауылы маңындағы тасжолда болған. Ерлі-зайыпты сөзге келіп, ер адам әйелін түсіріп кеткен. Содан соң артынан қайтадан барып қағып кеткен. Әйел оқиға орнында көз жұмған.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысындағы көлік тізгіндеген жасөспірім 12 жастағы баланы қағып кеткенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар