Фото: Ашық дереккөз
Өңірде санитарлық тазалау және стихиялық қоқыс үйінділерін жоюмен қатар, жеке инвестицияларды тарта отырып, қалдықтарды қайта өңдеудің заманауи толыққанды жүйесін қалыптастыруға басымдық беріліп отыр. Жоспарланған жобалар қатарында электр энергиясын өндіретін қоқыс жағу зауытының құрылысы, тағам қалдықтарын өңдеу кешенін іске қосу, қоқысты сұрыптау кешені мен биоэлектр станциясын салу көзделген. Сондай-ақ бұл жобалар жүзеге асқанда 300-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылады.
Маңғыстауда қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдайтын полигондар жетіспейді
Сонымен қатар өңірде қайталама шикізатты қайта өңдеумен айналысатын бірқатар кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда Алматы облысында пластик, макулатура, шыны және тозған автодөңгелектерді сұрыптап, қайта өңдейтін 6 ірі және бірнеше шағын кәсіпорын бар. Олар жыл сайын 184 мың тоннадан астам қалдықты сұрыптап, қайта өңдейді.
Бұған дейін Қарағанды облысында 74 түрлі дәрілік зат шығаратын фармацевтикалық зауыт салынатынын хабарлаған едік.