Фото: Shutterstock.com
Сәуірде жаңа тұрғын үй бағасы ең көп өскен қалалар қатарында Ақтөбе (3%), Түркістан (2.9%), Көкшетау (2.3%) және Алматы (1.5%) бар. Астана мен Шымкентте баға өзгеріссіз қалды. Ал Ақтау мен Оралда баға 0.3% төмендеген.
Ел бойынша жаңа тұрғын үйлердің бір шаршы метрінің орташа құны 615 933 теңгеге жетті.
Ең қымбат баспана:
- Алматы – 733 375 теңге;
- Астана – 731 990 теңге;
- Атырау – 537 968 теңге.
Ең арзан баспана:
- Орал – 325 231 теңге;
- Ақтөбе – 356 454 теңге;
- Көкшетау – 358 868 теңге.
Сарапшылардың есебінше, Алматы немесе Астанадағы бір пәтердің бағасына Орал мен Ақтөбеден екі пәтер сатып алуға болады.
Жыл басынан бері баға ең көп өскен қалалар:
- Ақтөбе – 8.8%;
- Алматы – 6.2%;
- Көкшетау – 5.1%;
- Астана – 4.6%.
Ал соңғы бір жылда Қазақстандағы жаңа тұрғын үйлер орта есеппен 15.1% қымбаттаған.
Жылдық өсім бойынша көш бастағандар:
- Ақтөбе – 23.1%;
- Алматы – 18%;
- Астана – 17.7%.
2020 жылдың соңынан бері елдегі жаңа тұрғын үйлер бағасы орта есеппен 73.3% өсті. Ең жоғары өсім Ақтөбе (97.5%) мен Астанада (91.3%) тіркелген.